«Қуған профессор»

06.10.2008 ж. at 19 сағат 59 минут 24 пікір

Орысшасы «Бред профессора», аудара алмадым. Кез-келген қарапайым мақалды алып, сондағы әрбір сөзді қиындатып жібереміз де, барлығын қайта жазып шығамыз. Ойнаушы адам бастапқы мақалды не мәтелді табуы керек (ВАК құрамындағы журналға шығып қаламын ба деген үміт қой, жай ғана).

Сонымен:

1-заң. Көлік құралы болып қолданылатын екі жүзу құралының артқы жағын ұстаған индивид – түссіз, иіссіз мөлдір сұйықтық болып табылатын, сұйық агрегаттық күйдегі сутегі оксидінің ішіне кетеді.
2-заң. Құдайдың еркін орындайтын, қабілет-мүмкіндіктері қарапайым адамнан біршама жоғары болып табылатын рухани мақұлық элементтердің периодтық жүйесіндегі 79-шы элементті көріп, көлік құралдары жүруге арналған жер бөлігіндегі өзінің траекториясын өзгертіпті.
3-заң. Жануарлардың және адамда болатын, толқын ұзындығы жарық сәулесінің диапазонында болатын электромагнитті сәулелерді қабылдап, ажырата алатын сенсорлы орган потенциалды шабуылдық қасиеттері бар әрекеттерге қарсы төтеп беру тұрғысында пессимисттік көзқарасы шоғырланған* болса, адамның және кейбір жануарлардың еңбек етуге арналған мүшесі ықтималдық теориясы бойынша негатив әсерлерге, шабуылдарға, күрделі есептерге қарсы оптимисттік реакциялар негізі бойынша қимыл көрсететін және позитив нәтиже алушы болып табылады.

Осылай жалғаса береді. Осы үшеуінің жауаптарын жазып көр, еріккен кезде мен де тағы жазармын.

ЗЫ. Ал сен қандай заң шығардың?

*Ескерту – қарамен жазылған сөздер өте қарапайым болғандықтан (жалығып кеткеннің әсері ғой 🙂 ), Аршаттың ұсынысы бойынша өзгертіліп енгізілген (рахмет, енді шынымен қиындады 🙂 ) анықтамалар.

Entry filed under: Категория жоқ.

Корчеватель 5-1

24 пікір Add your own

  • 1. Аршат деген   |  07.10.2008 ж., 00 сағат 05 минут

    Руслан жесть! мақалдарды шештім бірақ жазбай ақ қояйын сен шүбә келтірмейсің ғой бәрібір 🙂
    тек соңғысы қарапайымдау болып кеткен, ол жердегі сын есімдерді былай ауыстырып көрші:

    – потенциалды шабуылдық қасиеттері бар әрекеттерге қарсы төтеп беру тұрғысында пессимисттік көзқарасы шоғырланған

    – ықтималдық теориясы бойынша негатив әсерлерге, шабуылдарға, күрделі есептерге қарсы оптимисттік реакциялар негізі бойынша қимыл көрсететін және позитив нәтиже алушы

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  07.10.2008 ж., 00 сағат 18 минут

    ой рахмет, өзгертіп тастадым. Міне енді шынымен қиындады :)))
    Өз мақалдарыңды ұсынсаңшы, 4, 5, 6 қылып 🙂

    Жауап беру
  • 3. Аршат деген   |  07.10.2008 ж., 00 сағат 25 минут

    ұсынуын ұсынармын ау қазір тұмауратып бітіп отырмын, иншаллах таңртең жақсы боп кетсем жалғастырамын. мына идеяң қатты ұнап кетті. сөздік қорымыз байып қалатын болды және керек жерде «әдемі» сөйлеуді де үйреніп алатын болдық. мен ертең қиындау мақалдар жазамын, а то сен ана мақалдарды шашы ұзын адамдарға арнап жазған сияқтысың 🙂 Ерлан көрмесін, ол да ренжуі мүмкін мынандай да жұмбақ болады ма деп.

    Жауап беру
  • 4. ruslannnn  |  07.10.2008 ж., 00 сағат 30 минут

    Ертең жұмбақтар күні болады екен ғой, бұйырса, Ерланды ренжітпейік… 🙂
    Планканы көтеріп қой, жетуге тырысып бағармыз, әзірге мен де ұйықтайын, кино қарап жіберіп 🙂

    Жауап беру
  • 5. akzere  |  07.10.2008 ж., 11 сағат 12 минут

    Немене деп қуып кеткенсің, Русеке? ))

    Жауап беру
  • 6. Аршат деген   |  07.10.2008 ж., 11 сағат 36 минут

    Мен де бір кино қарап жібердім жатпастан бұрын, Отпетые мошенники деген кино. кароче машенник, аферистер туралы кино 🙂

    Бүгін үйде отырмын әлі ауырып, сонда да бір мақал жасырып көрейін:

    Жоспар бойынша негізделіп, белгіленген нүктеге күнделікті бағдарлама бойынша тасымал жасалынып іс аяқталғаннан кейін өз орнына әкелдірілінетін жүні, еті, сүтінен өнім алынатын мүйізді сүтқоректі мөлшері адамның бір қолының саусақ санына тең болғанына қарамастан процесс кезінде ас қорыту мүшелері арқылы жүзеге асырылатын сүйемелдеуші дауыс күші белгіленген нормалардың үстіндегі Герц көрсеткішін көрсетуде.

    Жауап беру
  • 7. ruslannnn  |  07.10.2008 ж., 14 сағат 34 минут

    😀 😀
    Шештім, бірақ осы мақалды өзім келістіре алмап едім, соған өкініп отырмын 🙂 Жақсы шыққан екен, қазір мен де миды іске қосайын…

    Жауап беру
  • 8. Нұрғиса  |  07.10.2008 ж., 15 сағат 15 минут

    :)))))))))
    Мынауларың күшті екен 🙂
    Руслан, идеяң ұнады. Мен де шешкендей болдым бірен-саранын. Шашым ұзын емес. ..емес… :)))

    Жауап беру
  • 9. ruslannnn  |  07.10.2008 ж., 18 сағат 13 минут

    Жақсы нәрсе ғой, әрине, бірақ идея менікі емес, бұрыннан бар зат. «Бред профессора» деп гугльдеп көріңіз, сенбесеңіз 🙂

    Жауап беру
  • 10. Аршат деген   |  07.10.2008 ж., 23 сағат 15 минут

    Өз резервіндегі функцияларды толық атқара алғанына қарамастан бұл көрсеткіш қаржылай тұрғыда жеке капиталының арту графикіне сәйкес келмейді керісінше функцияларды толық болмаса минимум мөлшерде болса да атқара алушының финанс графигі ықтималдық теориясының ең төменгі ықтималдарына сәйкес келе отырып капиталдың артуына себепкер бола алады.

    эх Ерлан жерлес болғанда бұл топик одан сайын жанар еді. Ерлан интернет тұрғысында епті болса да провайдер жөнінен бағы жанбай қойды…

    Жауап беру
  • 13. кендебай  |  20.10.2008 ж., 10 сағат 41 минут

    «Ни құя сибе»-ден басқа ештеңе миыма келмей тұр.

    Жауап беру
  • 14. ruslannnn  |  20.10.2008 ж., 11 сағат 19 минут

    Есту қабілетінен толықтай айырылған немесе айтылған сөзді толыққанды түсінуге кедергі келтіретіндей деңгейде есту қабілеті төмендеген индивидпен кездесу кезінде оған араб тілінде Алланың нұры жаууын тілесеңіз, сіздің әкеңіздің әкесінің ми, көру, есту, иіскеу, тыңдау органдары орналасқан мүшесін еске алып, сізді нормативті емес лексикаға жататын сөздермен қарсы алуы мүмкін.

    Жауап беру
  • 15. technosyndrom  |  20.10.2008 ж., 11 сағат 29 минут

    :):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):)
    Күлем деп, бір жерім қозғалып кетті-ау деймін, құрысын…
    :):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):):)

    Жауап беру
  • 16. Аршат  |  20.10.2008 ж., 12 сағат 35 минут

    оффтоп үшін кешірім өтінемін админнен:

    Талдардың арасында ЛД шегіп, майдағы сельд жейтін жігіттердің көршісі бүгін маған срочно хабарласса екен байланыстың кез келген түрімен. ұмытып қалған болса жұмыс телефоным: тоқсанүшжермажетпістөрт немесе маяк тастасын соткіме.

    шұғыл операция бар: белгісіз мөлшердегі көпіршіктенген температурасы салқындатылған сұйықтықтардың көзін жоюымыз керек ертеңге қалдырмай. операцияны жүзеге асыру үшін бюджеттен ақша бөлінді, ол жағынан қам жеме.

    Жауап беру
  • 17. technosyndrom  |  20.10.2008 ж., 13 сағат 03 минут

    Көрші үйдің бірінші қабатында орналасқан жарты литрлік екеніне күмәнім бар пластмасса стаканмен сыйға-сый болғандағы балдың эквивалентін бардағыдай тартып жіберетін жігітке, бар жан-тәніммен жеткім келіп отырғанын хабарлай отырып, қайсыбір бағдарлама бойынша жасаған әрекеттерімнің сәтсіз аяқталғанын ескертіп, мөлшері көптеу болғанын қалайтынымды жасырмаймын. Осыдан төрт жыл бұрын эмбрион болған сүтқоректіні қарап отырғанымды ескертіп, кешке жететінімді салтанатты түрде хабарлаймын.

    Жауап беру
  • 18. Аршат  |  20.10.2008 ж., 14 сағат 53 минут

    теманы әрі қарай жалғастырайық:

    Бойындағы қасиеттерді позитивті қолданып плюс репутацияландырылған және әрқашан респекттелініп жүрген дефлорация процесі істелінбеген элемент, жыныстары екі түрлі тіршілік иесінің бұдан кейінгі тірліктерін бірге атқару негізінде келісілген келіссөздерін мемлекет тарапынан ресми куәландырылу процесі аяқталғаннан соң ақшам намазы оқылғаннан кейін болатын куәландыру және заңдастыру рәсімдерін атап өту шаралары барысында жоспарланған уақытта және жерде шығарылатын газ ішкі құрылыстардағы басқару панелі істен шығуына байланысты бұйрыққа көнбей авария жағдайында кез келген уақытта және жерде шығады.

    Жауап беру
  • 20. technosyndrom  |  20.10.2008 ж., 16 сағат 12 минут

    Харизмаңыз бен аураңыз ұрып тұрса, X-хромосома ретінде Ү-хромосаманы дүниеге әкелген аналық ұрықтың қазысының ауданынан нерв рецепторларын тітікендір.

    Жауап беру
  • 21. Аршат  |  21.10.2008 ж., 13 сағат 22 минут

    Fish CMS header.php файлынан глюк береді

    Жауап беру
  • 22. Напольные станки  |  24.12.2008 ж., 17 сағат 03 минут

    Мне понравился ваш блог, особенно дизайн

    Жауап беру
  • 23. ruslannnn  |  25.12.2008 ж., 09 сағат 17 минут

    Маған сіздің станоктарыңыз ерекше ұнады. Әсіресе «Токарно-винторезный станок ГС526У» станогына 12 ай гарантия беретініңізді естігенде, тіптен ұнап кетті бәрі.

    Жауап беру
  • 24. Токарные станки  |  15.01.2009 ж., 18 сағат 04 минут

    Вот тут зацените токарные станки ГС526У есть метровые и полутара

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed