СМС-банкинг

17.04.2010 ж. at 13 сағат 27 минут 6 пікір

Казкомның СМС-банкингі деген бәле болды, бір жыл болды.. Карточка аштырганыма бір жылдай болып еді, содан бері ай сайын тұрақты түрде телефон шалумен келеді. «Хоумбанкті қолданам, СМС-банкингті қолданудың қажеті жоқ маған» деп айтудан да шаршадым 🙂

Жап-жаңа телефон шалып отыр (бір номерден ғана соғады, ол номерін «КазкомСМСБанкинг Керек емес» деп контактілерге қосып та қойғанмын). Соңғы төрт*бес сөйлесуіміз бір сценариймен өтеді.

– Алло, сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз бе, Сіз шамасы Казкоммерцбанктан боларсыз?

– Ия, Сіз біздің банктің сенімді…
– Шамасы, Казкоммерцбанктің су жаңа СМС-банкинг қызметін ұсынғыңыз келіп отырған болар маған?

…үнсіздік…

– Ия, Сіз сонда…
– Ия, рахмет, қолданғым келмейді, хоумбанк жарайды әзірге, сау болыңыз!

Осымен әңгіме бітеді. Түсінбейтінім – бас тартқан адамдардың тізімін жазып алып отырса болмас па екен?

«Ералаш»-та бар ғой, «Дяденька, это ваша собака?» деп бір кісінің зықысын шығаратын көзілдірікті қыз, сол есіме түсіп отыр.. ))))

http://rutube.ru/tracks/1195333.html?v=6abef001a8c75bc7b1c7479ea7df94da

Advertisements

Entry filed under: 1.

Баркемп, дәркемп Связь

6 пікір Add your own

  • 1. Шырайлы Шымқаладан Шота  |  17.04.2010 ж., 22 сағат 11 минут

    Менің СМС банкингке қосылғаныма екі айдай уақыт болды. Бұл сорлы казкомның базасы нашар ма, аптада бір мәрте звондап «Сіз СМС банкингке қосылғыңыз келеді ме» деген қоңыраулар келеді. Мен де ұрысып беремін «Базадан қарап алмайсыз ба мен қосылғанмын ба қосылмағанмын ба» деп…

    Жауап беру
  • 2. Қосақ  |  18.04.2010 ж., 11 сағат 36 минут

    БТА-ға қосылғанмын, бір қосылғаннан бері мазалаған жоқ.

    Жауап беру
  • 3. Маратхан  |  03.05.2010 ж., 09 сағат 44 минут

    КазКомның банкоматтар желісі нашар жұмыс істейді. Банкоматтар операция орындағанда қатты зависать етеді. Бірақ, именно, төлем карточкаларын интернетпен бақылауды ұтымды ұйымдастырған бірден бір банк…

    Жауап беру
  • 4. timurrr  |  09.06.2010 ж., 00 сағат 19 минут

    Маған да соғатын. Тойтарыс беру арқылы, бетін қайтардым. БТА-да жүрген кезімде жақсы еді. Алайда, ҚазКомның да өзіндік жетістіктері бар екені рас. Дегенмен, ай сайын смс жіберуден басқа қызметтері жетісіп тұрғандай, неге соны арнайы соғып ұсынатындарын түсінбедім.

    Жауап беру
  • 5. altygradus  |  25.11.2010 ж., 22 сағат 20 минут

    “КазкомСМСБанкинг Керек емес” hahahaha

    Жауап беру
  • 6. Abilakim  |  06.01.2011 ж., 11 сағат 19 минут

    Менде Халықбанктен болған.Мазалаған ешкім болмады.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: