Парашют

06.11.2009 ж. at 16 сағат 52 минут 13 пікір

Виртуал өмірге паузаны бір басып қойып, Алматыға барып келдім. Бірінші рет баруым.

Байсеркедегі аэродромға барып келдік, парашютпен секіруге. Ыңғайлы уақытында келдім деп ойлаймын. Біріншіден, инструктор Митричтің 62-ге толған туған күні екен, мерекелік атмосфера барлық жерде сезіліп тұрды. Екіншіден, ауа райы жақсы – күн ашық, жылы, желсіз деуге де болады. Үшіншіден, маусымның аяқталар шағы болғасын, адам аз болды. Сондықтан, инструктор бізге көбірек көңіл бөлді. Үш сағат ауызша инструктаж, сосын жерде тұрған люктен секіру, 50, 100, 150, 200 см биіктіктерден секіру арқылы жерге дұрыс қонуға үйрену… Әйтеуір, барлығын тәптіштеп үйретіп жатқасын, өзімізге сенімді болдық.
Қорқыныш ұшқышпен танысқанда болды. Корей соғысына қатысқан ардагер ұшқыш бар екен араларында, сол туралы әңгіме болғанда, дұрыс түсінбей, бізді аспанға алып шығатын ұшқыш осы екен деп ойлап қалыппын. Жасы кемінде жетпістен асқан қартты көргенде, көз жүз теңгелік тиыннан кем болмады. Шүкір, ұшқыш басқа адам екен :))
Ол да инструктаж жасап, сосын ұшаққа отырғанда, артымыздан «тебетін» адам да барлық ақылдарын аямай, айтумен болды. Парашюттегі карабин ұшақтағы тросқа байланып тұрады, сондықтан, тек секіру керек, парашют автоматты түрде ашылады екен. 🙂
Шамамен шақырымдық биіктен секірдік. Үшеуміздің ішімізде салмағы ауыры мен болғасын, бірінші кеттім, ештеме ойлап үлгермей де қалдым, аспаннан бір шықтым. Қызық сезім екен, бір километрлік әйнек күмбез салып, соған төбесіне электр шамы сияқты іліп қойғандай.. Инструктордың кеңесі еске түсіп, бір айналып, айналаны қарап алдым, әдемі көрінеді, сіздерге де қарағуа кеңес беремін :)) Музыкалық сүйемелдеу – өз орындауымдағы Досмұқасанның әні болды. Тыңдарман психикасына зақым келтірмеу үшін әнді айналамда кемінде 500 метр жерде адам жоқ кезде айтатын едім, жаңағы моментті пайдаланып қалдым десе де болады. Әнді жылдам-жылдам айтып болып, жерге түсуге дайындалдым. Қанша тәптіштеп үйретті дегенімен, жерге түскенде, оң аяғым қатты ауырып кетіп, инструкторды бір боқтадым айқайлап (шүкір, жақын маңда адам жоқ еді). Аман-сау екеніме көз жеткесін, тағы да бір боқтадым, ішіне мүмкіндігінше алғыс толтыруға тырысып.. Кхм, кешірім өтінемін. :)) Тұрсам, жанкүйерім ғарышкерді қарсы алғандай жүгіріп келеді екен :))

Өзіміз секіріп болғасын, спортсмендердің секіргендерін тамашалап, сол жерде біршама уақыт болдық. Туған күніне байланысты, Митричтің өзі де шәкірттерімен бірге секірді, біраз биіктен.

Очм, бар, көр, бір рет болса да, секіріп. Жаңбыр жауса, – маусым жабылады, келесі жазда, күн жылығасын бастайды секіріп. Байсерке (Дмитриевка) ауылына баратын 42-ші автобуспен Байсерке бағытына бара жатып, жолда Байсерке аэродромы бағытына бұрылыстан түсіп қалып, бір шақырымдай жаяу жүрсең табасың. Парашютпен секіргің келсе ерте барасың, инструктаж шамамен 8-30 дан 12-лерге дейін болады, ал басқа уақытта барсаң, ұшаққа отырып ұшуға болады. 😉

Advertisements

Entry filed under: 1.

Файлды жылдам жүктеу 3-D Secure

13 пікір Add your own

  • 1. Альмира  |  06.11.2009 ж., 17 сағат 07 минут

    :((( сен мені қызықтырып алдында айтып алдын да технично өзің барып кепсін ғой :)))

    Молодец!!! Суреттерді көрсек қой енді

    Жауап беру
  • 2. saken  |  06.11.2009 ж., 22 сағат 42 минут

    Ғарышкерді қарсы алғандай жүгіріп келе жатқан жанкүйерің жайлы нақтырақ жазсаң 🙂

    Жауап беру
    • 3. timurrr  |  23.12.2009 ж., 21 сағат 25 минут

      Дұрыс, дұрыс, «жанкүйердің» фотосын жарыққа шығар!

      Жауап беру
  • 4. urimtal  |  07.11.2009 ж., 10 сағат 45 минут

    Ұшқыштың суретін в студию!!! Мүмкін болса, жанкүйердің де 🙂

    Жауап беру
    • 5. Баян  |  09.11.2009 ж., 12 сағат 20 минут

      Керемет көріністер негізі 🙂

      Жауап беру
  • 6. Aina meken  |  07.11.2009 ж., 12 сағат 44 минут

    🙂 жарайсыз!!! Алматыда жаңбыр жауды, демек, ол жабылды деген сөз ғой.
    Жанкүйердің басқа-басқа, дәл осы постқа да пікір жазбауы … ай-ай, білмеймін…. 🙂

    Жауап беру
  • 7. Ansar  |  07.11.2009 ж., 19 сағат 03 минут

    Ақтауда арнайы дайындық болып па еді? Ұшақ қандай екен?

    Жауап беру
  • 8. бұрынғы Айко :)  |  09.11.2009 ж., 14 сағат 46 минут

    эх, Пуся-Пуся… :)))
    негізі қалаға келген қонақтардан сұранарым мені Байсеркеге апарч демеңдер ендігәрі (жүрегім нашар екен 🙂 ).
    Руслан сені алған сертификатыңмен(значогымен бірге) құттықтайым!
    кейінірек оқуын оқып, дипломын(ұшақтың) алғың келсе алматта тұр! 🙂
    өте қызықты кедесу болд меніңше…
    очм сол 🙂

    Қырқып қой: Сакен мен жайында не білгіңіз кеп еді хи*хи*хи. со күнгі түрімді айтпаңыз, құлағыма дейін күйіп кетіп, 2-3 күн ұхтай алмадым :))) кешке театрға келген халық куә, қып*қызыл бов келгем 🙂
    Өрімтал Русланның суреттері ураган енд 🙂

    Жауап беру
  • 9. tarazkyzy  |  09.11.2009 ж., 17 сағат 27 минут

    Мәәә,әбден қызықтырдыңыз ғой.Парашюттан секірсем бе деген арманым бары бар ғой, бірақ Қиял әлеміндегі атракционда суылдаған жүрегімнен парашюттан секірсем не қалар екен деген қорқыныш басымырақ екенін мойындаймын.

    Жауап беру
  • 10. 12aikon1986  |  13.11.2009 ж., 12 сағат 56 минут

    мммммм қалып қалдым ғой қызықтаннннн

    Жауап беру
  • 11. Альмира  |  17.11.2009 ж., 17 сағат 52 минут

    сюрет салды ма деп келсем :((

    Жауап беру
  • 12. Gastarbaiter  |  27.12.2009 ж., 22 сағат 06 минут

    Алдыңғы жылдары бұл «рахаттың» бағасы 100 «уланған ешкі» деп еді…Биыл қанша екен?

    Жауап беру
  • 13. Problogger  |  21.01.2010 ж., 09 сағат 31 минут

    Суреттеріңізді жәшігіме жіберсеңіз қызық шығар меніңше

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: