PPModd

17.05.2009 ж. at 11 сағат 18 минут 9 пікір

Алдыңғы тақырыптардың жалғасы ғой.
Телефонға қазақша әріптерді оқытып қана қоймай, оның интерфейсін өзгертіп, ішіндегі «сообщения», «приложения» деген сияқты қассақша емес сөздерді азайтқыңыз келсе, онда PPMOdd қолданыңыз. Инструкциясы мында

Бұл да ППМ өңдеуші бағдарлама, бірақ PPMEditor-дан жақсы жері – бұл бағдарлама көмегімен мәтіндік ресурстарды өңдеуге болады. Сосын, жүйеде Тілмаштың файлдары қондырылған болса, онда қиналмай, PPModd көмегімен қажетті тілді XML-форматқа ауыстырып, оны аударып, сосын қайтадан ППМ-ға импорттау мүмкіндігі бар.

Орыс тілін XML-форматқа экспорттап, барлық жерін «қазақша» деп өзгертіп, қайта салсаңыз, телефонға патч жасағаннан соң, телефонда бір ағылшын тілі және екі орыс тілі болады да, интерфейс өзгермейді. Неге? Білмеймін :)))) Сондықтан, ыңғайлысы, өзіңіз қолданбайтын бір тілді алып, соны экспорттап барып, аудару. Мысалы, болгар немесе венгр тілі.

Мынау – болгар тілінен қазақшаға аударылған телефонның скриншоты (мағынасына мән бермей-ақ қойыңдар, қазақшаға аудару мүмкіндігі бар екендігін көрсеткім келгені, бар болғаны сол):

123456

Advertisements

Entry filed under: Ұялы телефон.

PPMEditor Мальдини кетті

9 пікір Add your own

  • 1. ittirlik  |  20.05.2009 ж., 11 сағат 06 минут

    Құдай ақыңды берсін: сенікі коммуникатор ма сонда?

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  20.05.2009 ж., 12 сағат 59 минут

    Жоға, кәдімгі 6300, экраны сынық.

    Жауап беру
  • 3. Нартайлақ  |  21.05.2009 ж., 21 сағат 28 минут

    Тек 6300 ге ғана ма не?

    Жауап беру
  • 4. ruslannnn  |  21.05.2009 ж., 22 сағат 24 минут

    Жоқ, комппен байланыса алатын ұялының барлығында болады-ау деймін. 6300-ден бергілері, сосын смартфондар, мысалы. Тексеріп көрмеппін. Өзіңдікін іздеп көрсеңші.

    Жауап беру
  • 5. Дарынсыз блоггер  |  29.05.2009 ж., 16 сағат 37 минут

    Тексеріп көру керек екен.

    Жауап беру
  • 6. арғын қыз  |  15.06.2009 ж., 11 сағат 16 минут

    ең алғаш ұстаған LG-ім қазақша болатын. Аудармасынан адам шошитын. Қысқасы ұнамады.

    Жауап беру
  • 7. urimtal  |  30.06.2009 ж., 22 сағат 23 минут

    Асықпай тағы бір оқып шықпасам, бір оқығаннан түсінгенім:
    1 ішіндегі сөздерді ғана қазақшалауға болады
    2 ол үшін бір тілді алып тастап, соның орнына енгізу керек
    3 қалтафонның компқа жалғана алуы шарт
    Сұрақ: sms қазақша жіберуге бола ма?

    Жауап беру
  • 8. Қазақша PPM « Русланнннның блогы :)  |  07.07.2009 ж., 16 сағат 19 минут

    […] ж. Келесі қадам – интерфейсті қазақшалау. PPModd көмегімен қажетті XML-файлды шығарып алдық делік, енді […]

    Жауап беру
  • 9. ruslannnn  |  07.07.2009 ж., 16 сағат 27 минут

    «1 ішіндегі сөздерді ғана қазақшалауға болады»
    Сұраққа түсінбедім.
    «2 ол үшін бір тілді алып тастап, соның орнына енгізу керек»
    Әзір тапқаным осы 🙂 Енді таза қазақ тілін қалай қосуды ойлап қарау керек 🙂
    «3 қалтафонның компқа жалғана алуы шарт»
    Әрине.

    Қазақша смс – әрине, жіберіледі.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: