NSU

09.05.2009 ж. at 23 сағат 32 минут Пікір қалдыру

Бауыр басып қалған сүйікті ұялы телефоныңыз \қызық, екеуміз бірдей ұялы телефон ұстайды екенбіз\ соңғы кездері ерекше қылық көрсетіп, ауру\сырқауы көбейіп жүр ме? Саспаңыз, сервис центрге апаруға да асықпаңыз. Компьютердің бірдемесі қуса, жүйесін қайта қондыра саламыз ғой, ұялы телефонды да солай жасауға болады.
Сонымен, алға.
Берілгені: интернет опциялары сақталмайтын, ішіндегі стандартты ТМобайл интернет профильдері жойылмайтын телефон. *#0000#  теріп, бағдарламасының версиясы 05.50 екенін біліп алдым.
Әрине, әдепті пайдаланушы ретінде нокианың ресми сайтына кіріп, ұялы телефон бағдарламасын жаңартуға арналған Nokia Software Updater бағдарламасын көшіріп алып едім, NSU компьютердің интернет байланысы үзіліссіз болуын талап етеді екен, бұл мүмкіндік менде жоқ. Ал егер NSU көмегімен телефондағы бағдарламаны жаңартып жатқан кезіңізде, интернетпен байланыс үзіліп кетсе, телефонға хана. Тұтынушыларды қолдау қызметіне телефон соғып, интернеттен керекті файлдарды көшіріп алып, НСУ арқылы оффлайн түрде жаңарту мүмкіндігі жоқ екенін біліп алдым.
«Ок, тәуекел, көрейік» деген оймен телефонды компқа қосып жіберіп, «Нокиа режимін» таңдап, НСУды ашып, «Далее» деп басып, басып, жаңартып тастағам. Инет үзілген жоқ, шүкір. Телефоным толықтай ағылшын тіліне ауысып шыға келді, орыс тілін қолдау атымен жоқ. Хабар жазғанда да, өлеңдерді ашқан уақытта да, орысша әріптер оқылмайды. Опцияларында шығысеуропалық тілдер бар біршама, одан не пайда…
Қолдау қызметіндегі қыз «Құттықтаймыз, Сіздің телефоныңыз Ресейге арналмаған, еуропалық екен, сондықтан НСУ оны автоматты түрде анықтап, оған қажетті тілді өзі таңдап берді» деп қуантып қойды. Қуанышыма ортақтас болған бұл жаннан «Еу, қарағым, рахмет, бірақ, маған орыс тілі керек еді…» деп те сұрай алмадым, қайтейін енді.
Очм, басқа жол іздеп, форумдарды аралап жүріп, Phoenix бағдарламасына кезіктім. Алған әсерім – керемет!

Advertisements

Entry filed under: Ұялы телефон.

Мерекелеріңізбен! Phoenix

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: