Әзілқойлар

22.03.2009 ж. at 13 сағат 47 минут 21 пікір

Петросянның әзілдері күшті. Бірақ, соңғы көргенімде, тоқырауда жүргендей ой қалдырды. Көп адамның неге Петросянды ұнатпайтынын түсінбеймін. Көптің бірі болып оған кір жаға беру мода шығар.
РТРды қосып қалсаң, секеңдеп жүретін «Новые русские бабки», Р.Дубовицкая сияқтыларды айтпай-ақ қояйын, бір сорпа бір апта бойына үстіне су қосып қайната берсең де, дәмі бұдан жақсы болар.
Задорновтың сатирасы күшті. Бір ғана ойдың өзінен әртүрлі бағытта дамытып әкете береді, – үйреніп жүрмін. Бірақ, әсіре ұлтшыл сияқты. «Мы, русские!» деп қалғанда, тыңдағың келмей кетеді. Филатов екеуінің жас кезіндегі бір қыдырысын еске ала отырып, Қарақалпақстандық бір мұражайға өлсе де бармайтынын айтып, өзін біраз түсіріп алды.
КВН? Квн қарамағалы қашаааан… Ондағы анекдоттарды баштан оқып алғанмын әлдеқашан.
Тамаша? Негізі, «Тамаша»-ны көріп алып  жазып отырмын дәл қазір. Екі ағамыз, біреуінің басында жалбыр шашты парик, екіншісі викинг тәріздес қылып, мүйізі бар дулыға киіп алып, екеуі сахнада бірін-бірі ұрып, секеңдеп жүр. Дәмі жоқ.. :(((
Камеди-клаб? Ашықтығымен ұнайтын еді – кез-келген тақырыпта әзіл-оспақ айта беретін. Бірақ, одан да жалығады екенсің. Сақалын бояғанның керін келтіріп, әзілдерінің басым бөлігі сол, белден төмен болып кетті ғой.
Әзірге анекдот.ру ғана құтқарып жүр.
Ереке, сен де құтқарып қой 🙂 Бұрынғы әңгімелеріңді теріп алып оқып жүрмін қайта. Неге газеттерге шығармайсың?
ЗЫ. Жас Алашты Ғалым Смағұлдың карикатуралары үшін ғана ашатын кездер болып еді 🙂 Ғалым.нм.ру сайтын мәз болып ашып, ішіндегі азғана карикатурасын көріп…
LP – Runaway, ұйқы қанық, бірдеме бастау керек.

Advertisements

Entry filed under: Категория жоқ.

Мёбиус лентасы Келісім

21 пікір Add your own

  • 1. technosyndrom  |  23.03.2009 ж., 12 сағат 31 минут

    Петросян, әрине мойындау керек – талантты эстрада актеры. Алайда, оны жұрт жек көретін себебін айтайын: ертеректе «Смехопанорама» деген бағдарламасы болды. Сонда екі сөзінің бірінде, «вот что я пишу об этом в своей книге…» деп… өз кітабынан үзінді елтіре беруші еді. Шынымен-ақ, бір жағынан дөрекі жарнама болғанымен қоймай, мақтаншақтық сияқты еді, яғни «мен былай деп қатырыппын өз кітабымда» деген сөзбен пара-пар еді. Кәдімгідей, өзіміз ыңғайсызданып қалатынбыз…
    Кейін, Бригада жылдарда, кешірерсіз – 2000 жылдарда, бұрын орта жастағылар мен егделерге бағдар ұстайтын Петросян, шынымен-ақ кіндіктен төмен тақырыптарды оңды-солды пайдаланды. Кәдімгідей, үлкен әрі танымал кісінің соншама балалыққа салынғанына, әке-шешемізбен бірге – біз де күйіндік…
    Ал біздікілерге келер болсақ… Құрысыншы, айтуға да ұят… «Анекдот->скетч» схемасы ұрып тұр. Яғни бір аузына тыным жоқ бозбала тойларда «жарып» жүреді де, талғамы шамалы болғанымен, қолы ұзын әлдекімге «әзілі» жағып кетіп, «балам, мына талантыңды жерде қалдырма!» дейді. Есірген анау қалаға келіп, кез-келген әдіспен сатира сахнасын төпелей бастайды. Өзімнің біраз құрдастарым қазір осылай нан жеп жүр. Әрине, өздерінікі өздеріне – мықты…
    Шынымен-ақ, ұсақталып кетті… Орыстар сүйдеп жатыр қазір, ал біздікі енді…

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  23.03.2009 ж., 13 сағат 49 минут

    Кіші болғасын, смехопанорама есімде бәлендей қалмапты. Ара-тұра сөзін бөліп, үзіліс жасап, басқа әртістердің қойылымдарын көрсететін жерін асыға күтетінім есімде. Мүмкін, сол уақытта пайда болған «ұлылық маниясы» сияқты бірдемесін кекетіп жүрген болар орыстар да :)) Бірақ, оны ысырып тастадық, одан бөлініп басқалар кетті делік. Оңды ма?
    «Не верю!» деген құсап, шалт кесіп тастап отырған өз көңіл-күйім бе екен, а? )))
    Задорновқа неге күлмеймін? Ол өзін тауысып біткен болар мүмкін? Әлде шалдың бір атары бар ма екен…?

    Жауап беру
  • 3. ittirlik  |  23.03.2009 ж., 20 сағат 13 минут

    Задорнов өте, өте қу сықақшы. Оның ертеректегі әжуалары – орыс халқын кекету үшін еді. «Мальчик-японец покупает меч в магазине и скажет: Меч! Наши дети ломают ветку и утвержадют тоже самое» деген сияқты мысқылдары, 2000 жылдары тіпті басқа контекстте еді. Ол – сол уақыттағы қайыршылықты бейнелейтін еді. Ал қазір дәл осы сықылды сөздерді айтқанымен, орыстың бұтақты қылыш етіп ойнағанын – кеңдігі қылып көрсетіп, өңін айналдырып шыға келді.
    Пропутиндік машинаға жақсы сальник болды да – шыға келді, рахат!
    Ресейді ұлықтағанымен, басқа ұлттарды соншама төмендетіп, кекететіні ұнамайды. Күлкілі, бірақ ұнамайды. Ондай да болады екен адамда.
    Оратор – иә, сөз жоқ.

    Жауап беру
  • 4. Айко  |  24.03.2009 ж., 09 сағат 28 минут

    өз басыма Галкин ураган, білмейм, оның күлкілі сөзінен, ырбиған аузы ұнайтын шығар 🙂 өлем прям. Бірақ не айтып атқанан түсінбейм 😦 соңғы кезде РУ. болсын КЗ болсын бәрі со тұралап қалды ғо тура «белге келгенде». қазірті тіпті мультик көретін халде ғана қалдық десек, қаталеседі екенбіз, ана жолы дамып кеткен мултик көріп отқан інім ыңғайсыз сұрақ қойып қалды періште емес пе, ой бір сволчтар екенсіңдер енді дамып кеткен нәрселеріңді мултикке де тыққансыңдар ма деп әбден ашуым келд. 😦 шын ғо, ТВ не қалды өзі көретін уа ағайын???

    айтпақшы соңғы кезде прожектоРПерисХилтон болып жүр бірақ уақытыма сай келмейд, топаз әнек тыңдайм деп ертеңгі ұйқымнан қағылғым жоқ деп жатып қалам. А так былай жақс проект сияқт. жай дүние, керемет. қыл кеңірдек бов жатпайд, отрп алып ураган енд бәрі 🙂

    Жауап беру
  • 5. akzere  |  24.03.2009 ж., 09 сағат 44 минут

    Ия, Айко, мен де соны көремін. Отырып алып, жәй сөздермен ішек сілеңді қатырып отырады. Камеди клабта Паша Воля мен Незлобиннің шуткалары ұнайды.
    Ал Тамаша, Бауыржан-шоу дегендердің дәуірі қалды ғой… Шымкент шоу мен Шаншарды актерлары алып шығады көбінесе, және өз өңірлеріне тән шуткаларды көп қолданады.

    Жауап беру
  • 6. technosyndrom  |  24.03.2009 ж., 12 сағат 38 минут

    Бірде «Бауыржан-шоу» дегеннің Бауыржан Ибрагимов деген басшысына журналист сұрақты төтесінен қойды:
    – Жұрт, сахналық әзіл ұсақталып кетті деп жатыр, шынымен қаңылтыр айқайдан басқа әзіл қашан көреміз?
    – Егер менің қойылымдарым қызық емес болса, өздерің жасаңдар да – көрсетіңдер! – деп жауап берді анау. Сосын:
    – Зал үнемі лық толы! Одан артық не керек? – дегенді тағы қосып қойды.
    Сол… Эксперименттік сахна түсінігінен жұрдай-ау шамасы…

    Жауап беру
  • 7. Аселёк  |  24.03.2009 ж., 15 сағат 41 минут

    Қызық емес болуынын себебі заманға сай манызды тақырыптарға сценарийлер жақсы жазылмағандықтан шығар. Кейбір нарселерді «утрировать» етеді.
    ПрожекторПерсиХилтон корем.
    Қазақша КВН да бурынғыдай емес, шыдауға болады бірақ.
    Бауржан шоу мен тамаша «актуальный» болмай қалды ғой.
    Задорновтын темасы – Американын «топастығы». («Ну тупые!»)

    Жауап беру
  • 8. arsenal777  |  27.03.2009 ж., 02 сағат 00 минут

    Біздікі КВН, Наша Казаша(соңғысы енді ұят та айтуға) дегендерден, шынымды айтсам, қорқамын. себебі жастар(жасөспірімдер дейік) нағыз юмор осы деп ойлап қалар деп қорқамын. Ал Задорнов бір бенефисі ме, әлде студенттер алдындағы концертінде ме, камеди клаб туралы тура Руслан осы жазбасында сияқты айтқантын, көрмесеңіз, сол видеоға сілтемесін берейін.
    қыздар айтпақшы, Перисхилтоның прожекторы маған да ұнайды, қазір Бірінші арна мұзда болып жатқан шоу емес, осы бағдарлама арқылы көрерменің баурап алуда д.о.

    Жауап беру
  • 9. Айко  |  27.03.2009 ж., 08 сағат 10 минут

    ойбай Арсик тиспе оған тиспе, қатты ашуым келед дейм 🙂 , себебі мен сондай жақс көрем Мұздағы шоуды айтам…
    ТВдағы қызықты бағдарлама сол ғана, сөзді «іспен» асырған, қалғаны түк емес 😦

    Жауап беру
  • 10. arsenal777  |  27.03.2009 ж., 16 сағат 26 минут

    ойбу, тиіспеймін 🙂 осы сіздің шоудан кейін айтпақшы, Европа чемпионаттарын қарау қызықсыз дейді ғой елдер =)

    Жауап беру
  • 11. Аршат  |  13.04.2009 ж., 12 сағат 56 минут

    Петросянды айыптаған КВНщиктер ғой. Солардың шуткаларын технично жыныстық қатынас істеп кеткен ғой. содан ғой шу көтергендері, қазір қарамаймын бірақ бұрынғы Смехопанорама мықты еді.

    Камеди клабта ең қатты ұнайтыны Незлобин! ал артистік жағынан сука Батруха базар жоқ! Чех тілінен экзаменін қайта қайта қараймын.

    Карикатуралар болса маған жіберіп тұрыңдар, Дәруішөлген.комға салып жүрмін.

    Жауап беру
  • 12. Екі рет болған  |  25.04.2009 ж., 17 сағат 05 минут

    Петросянды неге жек көреді десең, концертіне екі рет барсаң түсінесің.

    Жауап беру
  • 13. Ruslannnn  |  25.04.2009 ж., 18 сағат 14 минут

    >>Петросянды неге жек көреді десең,
    >>концертіне екі рет барсаң түсінесің.

    Соны жамандап жүрген сайқымазақтардың одан қандай артықшылығы бар екен?

    Жауап беру
  • 14. Ұсақ әзіл туралы « Comments KZ  |  15.07.2009 ж., 16 сағат 52 минут

    […] Авторы: technosyndrom – мына жерде […]

    Жауап беру
  • 15. Жасыл Төбет  |  16.07.2009 ж., 18 сағат 15 минут

    Махаббат туралы логикалық талқылаулар жүргізу, махаббатты өлтіреді. Себебі, махаббат логикалық емес, эмоциялық зат.

    Әзіл де логикалық дүние емес. Әзіл талғамы ия бар, ия жоқ. Және әр уақыт өз әзілін тудырады, оған сен қарсы бол, мен қарсы бол..әзілге бәрі поқи. Үш арсыздың бірі емес пе, әзілдің басты мақсаты күлдіру. Ал күлдіріп жатып жолайы терең астарға үңілжіресің бе, жоқ әлде ұятып қызартасың ба, ол енді екінші мәселе…

    Сондықтан, халықта ұсақ әзіл д, белден төмен әзіл де, мәдениеттісі де, қара әзіл де,интеллектуал әзіл, өнеге әзіл, өсиет әзіл, топас әзіл бәрі бәрі де болуы керек…
    Поп-культура заңдылығы мен сауда ережесі бойынша көпшілікті қамтуға арналған әзіл әрқашан түсінікті, қарапайым және кішкене топастау болуы шарт.
    Талғамға келсек, мен сүйіп жеген тұшпараны, әлдебіреу жек көруі мүмкін. Ал демократиялы ел деген атты жамылғымыз келеді екен, онда әр адамға өзінің сүйікті әзілінен дәм татуға мүмкіндік беру керек.

    Жауап беру
    • 16. ruslannnn  |  16.07.2009 ж., 20 сағат 40 минут

      Дәл өзі. Бұлар болмасын дегенім жоқ, жай, өзіме ұнайтындарын/ұнамайтындарын жаздым. Өз жазбамнан логикалық түгілі, басқа да талдау көріп тұрғаным жоқ, жай ғана, өзіме ұнайтын/ұнамайтынын жаздым.
      Кейде ішегім түйілгенше күлемін бір нәрсеге, бірақ бір күннен соң соны қайта қарасам дәл сондай күлкім келе қоймас.
      ЗЫ. Ну енді, кешіріп қойыңыздар, КВНға күле алмадым, мүмкін ана лигаларынан шатасып, төменгісін көрген болармын? :))

      Жауап беру
  • 17. Жасыл Төбет  |  16.07.2009 ж., 18 сағат 19 минут

    Сосын, руся кішкене толерантты болған, өз жүйкеңе де жақсы екен. Соны аңғардым.

    Жауап беру
  • 18. ruslannnn  |  16.07.2009 ж., 20 сағат 46 минут

    Әрине, бастысы – жүйке.
    Мына сұраққа жауап беріңіздерші: соңғы рет ішегіңіз түйілгенше күлгеніңізге көп болды ма? Не затқа олай күлдіңіз?
    Өз есіме «Симпсоны в кино» түсіп отыр, екі аптадай бұрын көргенмін, – ішім түйіліп, бүктетіліп жатып күлгенмін. Қазір қайта көрсем, – топас мультик деп тастайтын шығармын, кім біліпті, қайта қарап көру керек екен :)))

    Жауап беру
  • 19. Сәкенспб  |  23.07.2009 ж., 20 сағат 54 минут

    «доктор хаус», вот міне әзілқой.

    Жауап беру
  • 20. Gastarbaiter  |  24.07.2009 ж., 12 сағат 53 минут

    Саут Паркты көргенде қатқам

    Жауап беру
  • 21. Альмира  |  24.07.2009 ж., 14 сағат 58 минут

    кейінгі кезде Иван Ургант ұнап жүр

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: