Тасымал

11.12.2008 ж. at 11 сағат 06 минут 6 пікір

Балғырғанның блогында Нобель сыйлығы туралы армандап кетіп едім. Бұл енді мүмкіндігі онның минус екі жүз он бесінші дәрежесі шамасында жатқан сыйлық қой мен үшін. Одан да, өмірде болуы ықтимал заттар туралы азғана кеңес берейін, рұқсат болса.
Сонымен, егер алда-жалда сізге Парижден Бухарестке бір қызды жаңа «Аудимен» апарып тастау туралы тапсырма берсе, онда келесі жайттарды есте сақтағаныңыз жөн:
– Бұл қарапайым тапсырманы басқа біреуге емес, бірнеше жыл бойы Еуропа қылмыскерлерінің қорқынышы болып келе жатқан, бірінші және екінші бөлімдерде талай-талай залымдарды қан қақсатқан Сізге ұсынуы арқылы, тапсырыс беруші фильм соңында Сіздің оны (тапсырыс берушіні) жеңетініңізге үміті барын білдіреді. Төртінші бөлім жарыққа шығуы үшін, үшінші бөлімді бітіруіміз керек. Сол себепті, ойланбай келісе салыңыз, соңында бәрібір сіз жеңесіз.
– Алдыңыздан он адам шықса да, қорықпай төбелесе кетіңіз. Сөйлесіп жатуға – уақыт жоқ. Әрине, сіз олардың тапсырмасын орындайсыз ғой, бірақ, ара-тұра оларды он-оннан ұрып-соғып отырсаңыз, азғана болса да, моральдық сатисфакшн (рахмет Арсенал777) аласыз. Физикалық сатисфакшн кейінірек болады, күте тұрыңыз.
– Қатарынан екі машина ғана сыятын жолда, қашып келе жатсаңыз, мынаны естен шығармаңыз – Еуропада сондай дәстүр бар, екі жүк машинасы жолда қатар келе жататын (бірінің артынан бірі жүретіндей – жынды деп пе едің оларды?), артынан екі крутой иномарка пампылдатып, ұшыртып келе жатса да, пысқырып қарамайды сендерге, тоқтамайды да, сол себепті машинаңызды қисайтып-мисайтып, қыстырылып өтуге тура келеді.
– Кездейсоқ, суға батып бара жатырсыз делік. Бірақ машинадан жиырма бес метрден қашықтауға болмайды. Не істейсіз? Машинаның дөңгелегінен ауа шығарып, сол арқылы су астында бірнеше минут демалып, жан сақтарсыз, мүмкін? Одан жеңіл жолын ұсынайын… Машина дөңгелектерінен шыққан ауаны босқа жұмсамай, багажда жатқан үлкен сөмкені алып, жаңағы ауаны сол сөмке ішіне толтырып, сөмкені машинаға байлаңыз, машинаның өзі-ақ жоғары көтеріледі. «Соншалықты көтергіш ауа болса, машинаның дөңгелегінде тұрған кезде-ақ неге машинаны көтермейді, міндетті түрде сөмкеге жинау керек пе?» деген топас сұрағыңызды маған қоймаңыз.
– Бір мемлекет экологиясының тағдыры шешілетін маңызды форумдағы министр сіздің телефон шалуыңызды асығып күтіп отырса да – Сіз асықпаңыз. Қас жауыңызды шығыс жекпе-жегінің неше түрлі элементтерін көрсетіп соққыға алып жатсаңыз да, ара-тұра бір-екі секундтық үзіліс жасап, әзіл айтып отырыңыз, – ол байғұс түсінеді, әзілмен жауап қайтаруы да мүмкін. Попкорнын күйсеп отырған бір-екі көрермен ол әзілдерді одан бетер түсініп, олар да жауап қайтарып, тырқылдап бір күліп алсын.
– Төбелес кезінде өзіндің стиліңіз бар ма? Жоқ болса, онда, ең қарапайым бір жолы – төбелес кезінде шешінгеніңіз дұрыс. Галстукпен біреуін, костюммен екеуін, көйлекпен тағы екеуін қылғындырарсыз, болды, жарайды, тоқтаңыз, ары қарай шешінбеңіз. Сіздің мускулдары атылып тұрған денеңізді көрген «жүк», яғни, жаңағы министрдің қызы өнеріңізге тәнті болып, орта жақтарда жоғарыда айтылған физикалық сатисфакшнды сыйға тартуы әбден мүмкін. Қасыңызда міндетті түрде қыз болатынына күмән келтірмеңіз – Еуропадағы маңызды шенеуніктердің барлығында, кепілдікке алатын адам таба алмаған жағдайда, міндетті түрде запаста бір қызы болады. Жалғыз қызы.
Болды, ары қарай жағдайға байланысты әрекет ете беріңіз, ал мен театрға барып рухани емделмесем болмас…

Advertisements

Entry filed under: Кино.

Рәсім Желі

6 пікір Add your own

  • 1. Nur  |  11.12.2008 ж., 17 сағат 28 минут

    Люк Бессон, осындай етіп кино түсіреді деген ой мүлдем болмап еді.

    Жауап беру
  • 2. arsenal777  |  12.12.2008 ж., 14 сағат 28 минут

    оқасы жоқ, Руслан. айтпақшы, французша да «satisfaction» деп жазылады 🙂 бірақ алдында «la» ма, әлде «cente» тұратының білмеймін

    Жауап беру
  • 3. Temirrr  |  13.12.2008 ж., 02 сағат 03 минут

    Sen balanyn tiline kotyr jara shygyp ketipti go… he-he-he

    Жауап беру
  • 4. ansar08  |  17.12.2008 ж., 01 сағат 36 минут

    **Бұл енді мүмкіндігі онның минус екі жүз он бесінші дәрежесі шамасында жатқан сыйлық қой мен үшін.**
    Сол минус дәрежеде оң дәрежеге айналып кететін жағдайлар болады. Еңбек етіңіз, үміт үзбеңіз!

    Жауап беру
  • 5. Нұрғиса  |  19.12.2008 ж., 18 сағат 07 минут

    Ruslannnn +5! 🙂 No comments!!!!

    Жауап беру
  • 6. akzere  |  22.12.2008 ж., 09 сағат 46 минут

    Еххх… сен бала, үлкен білім алсаң көп нәрсеге қол жеткізер едің ғой осы…

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: