Рәсім

10.12.2008 ж. at 12 сағат 18 минут 4 пікір

Тәуелсіз жас еліміздің үздік елу елдің қатарына кіруіне лауазымды тұлғалармен қатар, қарапайым халық, соның ішінде жастар, қолдарынан келгенше атсалысып жатыр. Қазіргі кризис жағдайында ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөлінетіні белгілі. НұрОтан партиясының мүшелері де заман ағымынан құр қалмай, ауыл тұрғындарына және олардың шаруашылығына көмектесуде. Бұл туралы ауыл тұрғыны А.-ның қорасындағы қиларды аударыстыру рәсімі кезінде НұрОтан партиясының мүшесі, ауыл тұрғыны Руслан мәлімдеді. Асар партиясы құрамына алғашқылардың бірі болып кіріп, кейіннен НұрОтан партиясының бағдарламасын оқып, ұстанған бағытына сенімдік білдіріп, осы партия мүшелігіне өткен Русланның өзіне сөз берелік:
– Жалпы, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын. Қала жастарына ара-тұра осындай физикалық жұмыс жасап, қора исі арқылы бұрынғы заман атмосферасын қайта сезініп, сергіп жүрулеріне кеңес беремін. Бұл аударыс алғашқы болғанымен, соңғысы болмасына сенімім мол. Болашақта осы жерге жиі жиі келіп тұруды өзіме мақсат етіп қойдым, партияға өте ризамын…
Бұл жігіттің күбір араласқан шаң ішінен жылтылдап көрініп тұрған бетінен болашаққа деген нық сенім байқалады. Назар аударғандарыңызға рахмет.

Advertisements

Entry filed under: Еріккен ойлар.

Романтика Тасымал

4 пікір Add your own

  • 1. balgyrgan  |  10.12.2008 ж., 16 сағат 21 минут

    РУСЛАН!!! АЛҒА!!!
    РУСЛАН!!! АЛҒА!!!
    🙂 🙂 🙂

    Жауап беру
  • 2. Aikona  |  11.12.2008 ж., 07 сағат 33 минут

    М де ауылға барып келдім де. Қора тазалау арқылы балалық шаққа саяхатқа барып қайтқан екенсің ғой. 🙂

    Жауап беру
  • 3. Temirrr  |  13.12.2008 ж., 02 сағат 59 минут

    Біратала «жусан тарту» дәстүрін тәжірибеден өткізіп жібергеніңді де жаза салмадың ба, бауырым? Кішкене таңсық қимыл болар жұрт үшін…

    Жауап беру
  • 4. ansar08  |  17.12.2008 ж., 01 сағат 38 минут

    НұрОтанның атын оқып көңіл күйім түсіп кетті. Кешіріңіздер.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: