Блиц

13.11.2008 ж. at 16 сағат 11 минут 10 пікір

Медосмотрда жүрдім кеше.
– Ағай, мына кабинетке соңы кім екен?
– Ааа, білмеймін, мен емеспін, – дедім соткадан басымды көтеріп жіберіп. Қызарақтап күліп кете барды.
Сұраған кабинетін анықтап қарасам – гинекология екен…

***

Киноға барып, қарамастан қайтып келдік. 007 мен Мадагаскар екен, бәрінің жіберіп жатқаны. «Прощай, Гульсары» дегенді көргім келіп еді, Айтматовтың шығармасы бойынша жазылған. Ол киноны күніне бір рет – 16.40-та жібереді екен. Агенттің экранкасын өткенде көргенмін, жерге бес метр қалғанда парашюті ашылып, аман қалатын киноға… сенімім аз… деп жылы жауып қоя салсам қалай болады екен? Мадагаскарды Бәкеңнің, тойыст Сәкеңнің блогынан оқып алып, көргендей-ақ болдым. «Гүлсарыға» ең болмағанда кеше үлгерем бе деп едім, тағы бір маразматиктің кесірінен бір сағат кешігіп қалып, босқа қайтып келдім. Видеосы бар ма біреуде, көшіріп алайықшы, а?

***

Күні бойы кезекте отыратын адам үшін соткамен кітап оқу  – жақсы нәрсе екен. Босқа күтпейсің, уақытың жылдамырақ өтеді дегендей. Қазір сотканың шнурын тапқасын, оқып жатқан кітаптарымды салармын бір жерге.

Advertisements

Entry filed under: Еріккен ойлар.

Ов, Ев, Ова, Ева, Ин, Ина Романтика

10 пікір Add your own

  • 1. Айко  |  14.11.2008 ж., 10 сағат 36 минут

    мадагаскар қызық екен. басын көріп келе жатып ұйықтап кеттім, 🙂 арты не жайында екенін бүгін қалған жерінен ары көрермін. Сәке, мадагаскар жақс сияқты ғо 😦

    Жауап беру
  • 2. balgyrgan  |  14.11.2008 ж., 14 сағат 46 минут

    саған «ағай» деді ма?! 🙂 🙂 🙂

    Айко 🙂 әркімнің өз ойы дегендей… негізі, тіпті теріс энергия өзіне тартады 😉

    Жауап беру
  • 3. Нұрғиса  |  14.11.2008 ж., 21 сағат 24 минут

    Русеке, рахмет «сілтеуді» жаңартқаныңа! Бәле ғой, әйтпесе… Біреу-міреу гинекологияға кіріп кетсе байқамай… Басқа сілтемені басып… 🙂 🙂 🙂

    Жауап беру
  • 4. Нұрғиса  |  14.11.2008 ж., 21 сағат 24 минут

    Мен сен айтқан үлеуді де көрмедім әлі… Нишауа, әлі-ақ жанын шығарамыз… Өркениетке бір жетіп алайық… 🙂

    Жауап беру
  • 5. ruslannnn  |  14.11.2008 ж., 22 сағат 16 минут

    Оқасы жоқ, ия, жабылып қалған проктология кабинетіне кіріп кетсе ғой, ұятын-ай десеңші…
    Балғырған, «мужчина» демегеніне шүкір. Осы сөз екі күн құлағымды жеп болып еді… Енді «мужчина» дегендерге ана бір кейіпкер құсап, «самец» немесе «самка» деп айтамын ба деп ойланып отырмын…

    ))))))))))))))))

    Жауап беру
  • 6. Aikona  |  17.11.2008 ж., 12 сағат 32 минут

    Менде көргім келіп жүр Гулсарыны. Ана күні іні-сіңіліммен барып ем. 007 ді көрейікші деп өтінген соң…
    мадагаскарды көр деп еді бір әдемі бұйра шаш қыз.
    Туу «ағай» дейтіндей боп қалдың ба не? ААА сен ол кабинеттің алдында неғып отыр едің?

    Жауап беру
  • 7. берік  |  20.11.2008 ж., 01 сағат 59 минут

    Руслан сен Ардагерге бардың ба? Ол жердешілер «Қош бол Гүлсарыны» сағат 1340 қойып, көре алмадым. Тамақ ішесің бе, киноға барасың ба…. Билетші қыздан сұрасам; – мен білмеймін, бірақ кісі аз келетін болғасын солай қойған шығар» деп иығын қиқаңдатады.
    Мадагаскарға каникулға келген 7 жасар інім екеуміз барғанбыз, көңілді мультик….

    Жауап беру
  • 8. urimtal  |  28.11.2008 ж., 14 сағат 32 минут

    Қалтафоннан кітап оқыған жақсы. Өз басым қоғамдық көлік ішінде біраз блогты сүзіп шығамын. Тек бәріне бірдей коммент қалдыра алмаймын. Сосын қалтафонмен кітап оқуға арналған бір веб-үстемелер бар деп естіп едім. Соның анық-қанығын білмедің бе?

    Жауап беру
  • 9. ruslannnn  |  29.11.2008 ж., 19 сағат 33 минут

    Бірнеше бағдарламаны көргенмін, бірақ
    http://www.shasoft.com/ сайтындағы бағдарлама ерекше ұнады. Енді тек қана соны қолданамын! (жарнамадағыдай смайлик).
    🙂

    Жауап беру
  • 10. urimtal  |  30.11.2008 ж., 23 сағат 15 минут

    Rahmet

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: