Ов, Ев, Ова, Ева, Ин, Ина

06.11.2008 ж. at 20 сағат 17 минут 17 пікір

АХАЖға бардым, жаңа адамды тіркетейін деп, қолда аға-жеңешемнің паспорты, тағы бір қағаздар…
«Ов пен Евтер қазір жоқ. Тегі-лер бұрында болған, бірақ қазір қолданбайды, тек атасының немесе әкесінің атын жұрнақсыз жазамыз» деді спортсменка/комсомолка/красавица.
Солай толтырып жібердім сосын, Асан Сағадат Асанұлы қылып, амалсыз.
Үйдегі баспасөз мәслихатынан соң, бұйырса ертең өзгертпекпін, Сағадат Асанұлы қылып.

Advertisements

Entry filed under: Еріккен ойлар.

Мюзиклдің кайпі неде? Блиц

17 пікір Add your own

  • 1. urimtal  |  08.11.2008 ж., 11 сағат 13 минут

    Мен кезінде атамның есімінің соңына тіркескен орыстың жұрнағын алып тастау үшін 144 теңге төлеп едім. Он жылдай уақыт бұрын бұл әжептәуір ақша еді.

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  08.11.2008 ж., 12 сағат 44 минут

    Жалпы, фамилиясы мен атын бір көргеннен ажыратып отырған дұрыс қой деп ойлаймын.
    Тым құрығанда, Болат Марат Болатұлынан гөрі, Марат Болатұлы деген жақсы сияқты. ИМХО.

    Жауап беру
  • 3. Нұрғиса  |  08.11.2008 ж., 16 сағат 29 минут

    🙂

    Негізі, өзі түп-тұқияны қызыл кеңірдек қылатын мәселе ғой.
    Мен әкемнің атын алып жүрмін, Асылбекұлы Н. Асылбеков болып. «ов»ты енді әлдебір сыртқы идеологияның қысастығы деп қарастыра қоймайды екенмін. Бірақ әр заманның өз үдерісі бар, бүгіндері кең етек жайып жатқан, әлгі, Русеке. өзің айтпақшы, «Сағадат Асанұлы» деген ат пен тегі қосындысынан туындайтын «толық атаулар» өте жақсы ұйғарылған іс сияқты. Біздер енді сол «Асылбеков» боп өтеміз бе екен…

    Жауап беру
  • 4. ruslannnn  |  08.11.2008 ж., 18 сағат 00 минут

    Менің де аты жөнім «Едилханов Руслан Махмудович» қой, бұдан еш сөлекеттік көріп тұрған жоқпын.
    «Асанов Сағадат Асанұлы» немесе «Асантегі Сағадат Асанұлы «қылып жазғызбады ғой, сосын жай ғана «Асанұлы Сағадат» дей салдық.

    Жауап беру
  • 5. Аршат деген  |  09.11.2008 ж., 00 сағат 36 минут

    Өзімдікін кезінде өзгертпегесін мен енді өмір бойы солай қалармын деп баламды без Ов жазғыздым және қазақша әріптермен а то орысша транслитпен ұрып жібереді айтпасаң. Баламның аты Әмин, фамилисы Ораз, отчествосы Аршатұлы.

    Жауап беру
  • 6. Нұрғиса  |  09.11.2008 ж., 10 сағат 06 минут

    Отчествосы Аршатұлы болғаны қандай жақсы болған……

    Жауап беру
  • 7. Айко  |  11.11.2008 ж., 09 сағат 11 минут

    ов-еваның аламыз деп қаралмай жатқан кезде нетіп алғам едім визиткаға. қаз қызық өзім оқып өзім күлем. слишком офисәлні сияқты төрт арип атым, төрт арип атам аты 🙂

    Жауап беру
  • 8. Aikona  |  17.11.2008 ж., 12 сағат 26 минут

    Блм. -ованы алып тастаса. Бірақ фамилиям қысқарып қалатын еді. 🙂

    Жауап беру
  • 9. Temirrr  |  13.12.2008 ж., 02 сағат 09 минут

    Қазақшалаған дұрыс қой. Тимур Амантайұлы Бектұр болып жүрміз. Сөлекеттік көріп тұрғаным жоқ. Орыстар ғой Әкесінің аты мен Тегінің арасына өз атын қотыстырып қыстырып жіберетін. Содан келіп қырғын төбелес шығады. Ал әлемдік тәжірибеде Адамның аты, сосын әкесінің аты, сосын барып тегі жазылады.

    Жауап беру
  • 10. Аселёк  |  12.02.2009 ж., 11 сағат 37 минут

    «-ева»-ны алып тастасам, басқа доктердін барлығын аустыру керек болады ма?

    Жауап беру
  • 11. Русланннн  |  12.02.2009 ж., 11 сағат 42 минут

    Мен сені «-ова» шығар деп жүрсем… Шатасып отырған болдым ғой )
    Онысын білмедім.

    Жауап беру
  • 12. Аселёк  |  12.02.2009 ж., 13 сағат 45 минут

    Ой! Сіз мені шатастырып тұрған сияқтысыз. Сонда да рахмет!

    Жауап беру
  • 13. zhanninsayasi  |  21.11.2010 ж., 19 сағат 47 минут

    Қысқа әрі нұсқа, аз маз күлкілі жазба екен 🙂 Дегенмен ойға қалдырады. Кезінде жеке куәлік алатын кезде менде «ова» – ны алып тастағым келіп еді, бірақ анам «ой ол көп жұмыс» деген соң қалып қойдым. Қазір өкінемін… Ал өзіңізде ше, «ов» бар ма?)))

    Жауап беру
  • 14. ruslannnn  |  21.11.2010 ж., 19 сағат 49 минут

    Бар, және «і» орнына «и» тұр тегімде.
    Құжат ауыстыратын уақыт жақындады, сол уақытта ауыстырсам болатын шығар.

    Жауап беру
  • 15. altygradus  |  25.11.2010 ж., 22 сағат 06 минут

    Кезінде ауыстырмағасын қалды млин. Сол мектеп кезінде куәлік аларда таныс апай шіретке тұрмай ақ бәрін он минутта ақ қатырып берген түгелін, сонда ованы алып тастау ойға келмепті де, үйге келгесін тууууу дептік апайым екеуміз. Қазақша жасағанда ғой сол кезде деп әлі өкінеміз апайымызбен

    Жауап беру
  • 16. Kaldykyz  |  30.11.2010 ж., 22 сағат 30 минут

    Маған сол ов, ова ұнайды. Ұлы қайсы, қызы қайсы, аты қайсы, әкесінің аты қайсы ажырата алмай жүресің қазіргі жағдайда 🙂

    Жауап беру
  • 17. X-myRzA  |  31.01.2011 ж., 13 сағат 18 минут

    Мен осы 25 толғанда ауыстырып тастадым.
    Оған себеп болған, қазақ радиосы.. (=
    Бірде жұмысқа келе жатқанда қазақ радиосына АХАЖдан ба бір қонақ келіп, осы фамилия жөнінде әңгіме қозғаған. 1 сағат жұмысқа жеткенше соны тыңдап, ауыстырып тастағанмын. Фамилиям атамның әкесінің атында болған, ешқандай қолайсыздық тудырған жоқ. =/

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: