1023

22.09.2008 ж. at 18 сағат 02 минут 6 пікір

Рунет 10 саусақпен 1023-ке дейін санап үйренуде. 2^10-1 = 1023.

Бірақ, саусақты тек екі түрлі жағдайда ұстауға болмайды ғой, «бүгілген» және «бүгілмеген» жағдайында… Егер барлығы екілік жүйеде болса, онда бод пен бит айырмашылығы болмас еді. Ал ғалымдар ~4000 бодта ~56000 бит кодтады. Қалайша деп ойлайсыздар? Әрине, «жартылай», «орташа» жағдайларды ескергендіктен.

Сол сияқты, саусақты да бірнеше жағдайда ұстауға болады. Кемінде, төрт жағдай дегеннің өзінде, кодталған сан 1024-тің квадраты болады, оның өзі миллионнан астам сандарды санауға береді. Саусақтарыңызға құрметпен қараңыздар, мегабайттар сонда жатыр.

Амплитудалық немесе жиіліктік модуляцияға ұқсас бір ат іздеп отырмын, осы саусақтардың қозғалысына. Шамасы «кеңістіктік модуляция» дегенім дұрыс болар. Бұл терминге қалай қарайсыздар?

Advertisements

Entry filed under: Категория жоқ.

Субтитр Рок

6 пікір Add your own

  • 1. technosyndrom  |  23.09.2008 ж., 06 сағат 13 минут

    Үштік логика туралы қайсыбір поллак ғалым айтқанда, дүйім жұрт оны жынды депті (ашудан қып-қызыл Ысмайыл пайғамбардың бет-әлпеті). ЖАЛҒАН және АҚИҚАТҚА – АНЫҚТАЛМАҒАН деген күйді де қосқан ғой жарықтық. Тек бір ғасырдан кейін ғана шала мойындай бастапты оны.
    Қазір әлгі поллак жігіттің шаңы құтысында бір бұрқырап түскен шығар (оларда көбіне – крематорийде өртемеуші ме еді?).
    Поллактың әруағына (егер ол – бар болса) менен барлық компьютерсайнсшылардың атынан – ұялған Ысмайыл пайғамбардың бет-әлпеті…

    Жауап беру
  • 2. urimtal  |  23.09.2008 ж., 10 сағат 25 минут

    кеңістіктік модуляция
    Әдемі естіледі. «Кеңістік модуляциясы» десе мағынасы бұзылып кете ме?
    «-тік» жалғауын она жақсы көрмеймін. Орысшадан тікелей сөз тіркестерін аударғанда жиі қолданады.

    Жауап беру
  • 3. balgyrgan  |  23.09.2008 ж., 10 сағат 50 минут

    мылқаулардың тілі неге негізделген (на чем основан)? сол саусақтардың жағдайында емес пе еді?

    Жауап беру
  • 4. ruslannnn  |  23.09.2008 ж., 11 сағат 22 минут

    Ереке, сол ғой…
    Кеңес заманында сол үштік логикамен де компотыр жасамап па еді, әлгі кім еді… Сосын ана жасанды интеллект жасаудың негізінде де екілік логика емес, басқа бір, анықталмаған жағдайлар қосылады.
    Менікі төрттік болып кетіп, ұялып отырғаным-ай… Әлде мені де болашақта біреу есіне алар ма екен, а?

    Асеке, дұрыс шығар, бірақ «кеңістік модуляциясы», меніңше «модуляция пространства» болып аударылатын сияқты. Ал мен ұсынғаным, «амплитудная» немесе «частотная модуляция» сияқты, «пространственная модуляция» дегенге көбірек келетін тәрізді.

    Сәке, сол мылқауларға да көмегім тиіп қалар. Қытай мылқауларына.

    Жауап беру
  • 5. arsenal777  |  23.09.2008 ж., 15 сағат 12 минут

    1023 туралы Башоргтан оқыған сияқтымын 🙂

    Жауап беру
  • 6. ruslannnn  |  23.09.2008 ж., 15 сағат 31 минут

    arsenal777, дәл айтасың, мен де сол жерден оқып, тек «бір саусақты төрт түрлі жағдайда ұстауым керек» деп өзгертіп отырмын ғой, ол туралы жоғарыдағы постта жазылған да. Мына тәсілді кеше башоргтың безднасына қосып тастадым, енді топқа шығар ма деп күтіп жүрмін :))))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: