Еріккен жазба

21.08.2008 ж. at 03 сағат 17 минут 5 пікір

Қазіргі кезде кең таралып кеткен байланыс тәсілдеріне ұқсас байланыс тәсілдерін бұрынғы кездерге апарып бытыстырып тастаса не болады екен деп ойлаймын кейде.

Ежелгі Египет, Тутанхамон мен Аменхотептің аськасы. Тарихи дәлдікке ұмтылмайын, бірақ смайликтерді тасымалдау тәсілі қызықтырады, қалай болғаны… Сөздерді не, сөздерді бір құл 35 км жүгіріп барып, Аменхотепке жетіп айтса, екінші құл, Аменхотептің жауабын Тутанхамонға жеткізеді. Смайликтер қиындау. Соңғы анекдотқа Тутанхамонның «күліп іші жарылғанын» шын ниетімен көрсеткісі келген құлды Аменхотеп дұрыс түсінбей қалып, өлім жазасына кесуі мүмкін. Роза гүлін сыйлап тұрған, немесе мылтықпен атып тастайтын мультикті жіберу – азаптың азабы, оны қалай жүзеге асыратынына менің фантазиям жетпейді.

Орта ғасырлар. Ханзада ханшайымға өз сезімін білдіріп, жазып жіберген хатына жауапты күтіп, күнде кешке қамалдың алдында, сырнай тартып отырады көңілсіз… Бір күн өтті, екі күн, сағыныштан сарғайған кезде, алыстанхат тасушы көгершін де ұшып жетті… Бір қызығы, өзі жіберген көгершінге ұқсамайды, ехх, жақсы, ештеңе етпес, ханшайым басқа протоколмен хат алмасқанды жақсы көретін болар… Хатты ашып оқыған ханзаданың көңілі одан бетер түсіп кетеді, себебі бұл хат – жай ғана спам болатын, «қылыш жасаймыз. Арзан» деген типтес мәтіндегі…

Ұйықтайын, мынау не то болып кетті. Қайырлы түн!

Advertisements

Entry filed under: Категория жоқ.

Плагиат түс Сауалнама

5 пікір Add your own

  • 1. Айко  |  21.08.2008 ж., 08 сағат 29 минут

    өлдім-өлдім, көзден кеттім. Эх сенің мындай фантазияң-ай :))))))

    себебі бұл хат – жай ғана спам болатын, “қылыш жасаймыз. Арзан” деген типтес мәтіндегі… :)))

    айтпақшы ол кезде бір ханшайым үшін бір ханзада соғыс ашып жіберген ғо, вот это романтика. себебі, сондай құны тәті болған шығар хаттың. қаз романтика жоқ есесіне. бәрі сикунд аралығында шешетін нәрселер. Адамзат на ПИКЕ келе жатқан жоқ па екен осы? кейде ойлаймын. бір жерге бірдеме көп жазып, 21 ғасырда адамдар осындай болғанды білдіреді деп, оны флешкартқа жазып, сосын жердің жеті қат астына, титанда сақтап үстіне өткен өмірден қысқаша мағлұмат деп қойсам деп 🙂 сосын ыспокойна кете берем, сосын менің жазғандарымды зерттеп, е мое, ол кезде флешкарт жасауға адамзаттың қалай басы барды екен деп таң қалсып жатқан археологтар 🙂

    Жауап беру
  • 2. balgyrgan  |  21.08.2008 ж., 08 сағат 41 минут

    Қайырлы таң!!! Қалай түсіңде смайликтер көріп шыққан жоқсын ба?
    смайликтер күшті ғой.. өзім, кейбіреулер сияқты «әкел бетті» демей «бетіңнен сүйдім» смайлигін жібере саламын 🙂 оңай ғой! эмоцияны жеткізудің тиімді түрі 8)

    Жауап беру
  • 3. akzere  |  21.08.2008 ж., 10 сағат 28 минут

    21 ғасырда өмір сүріп жатқаным қандай күшті!!! 🙂

    Жауап беру
  • 4. ruslannnn  |  21.08.2008 ж., 12 сағат 23 минут

    >> ол кезде флешкарт жасауға адамзаттың қалай басы барды >> екен деп таң қалсып жатқан археологтар

    «Жиырма бірінші ғасырдағы адамдар осындай пұтқа табынған екен. Құдайларының аты.. құдайларының аты.. Transcend болуы мүмкін, бірақ әлі зерттеп жатырмыз» деді Сатурннан келген құрметті археолог Эдсгар Майкелсон.
    Олар бұның флешка екенін біле алмай өтетін шығар…

    Жауап беру
  • 5. arsenal777  |  21.08.2008 ж., 23 сағат 32 минут

    ол кезде флешканы оқитын пәлелерден түк қалмайтын шығар. ал анау ханзада антиспам орнатсын)))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: