Шифт+делете

01.07.2008 ж. at 10 сағат 37 минут 17 пікір

Файлды қалай жоясың? Корзинаға ма, жоқ әлде шифт+делетемен бірден жойып тастайсың ба? Бірден жойсаң да, мәз болма… Шындықтың бетін ашайын саған..

Файлдар хард-дискте орналасқанымен, қай жерде қандай файлдың қай бөлігі орналасқаны туралы ақпарат файлдық жүйенің кестесінде жазылып тұрады. Сен үлкен бір файлды жойған уақытта, тек сол кестедегі ақпарат қана жойылып, файлдың өз денесі хардта қалады, бірақ ол әлі тірі… Тірі болғаны құрысын, енді оны ешкім де көрмейді, естімейді.. Келесі бір жерден қызық кино тауып алып келіп, компьютерге көшірген уақытта, виндоус бос орын іздейді де, ана файл тұрған жерден бөліктеп-бөліктеп кесіп алып отырады… Жойылған файл ауырсынғанымен, ол дым да істей алмайды, жанұшыра айқайлаған үні де естілмейді, көзі жасқа толып, бұрынғы орнында, күн өткен сайын мүгедек болып жата береді… Файлдың өлімі осындай… 😦

Advertisements

Entry filed under: Компотыр туралы.

Форум Ренжіме, Ваня! :)

17 пікір Add your own

  • 1. Bauyrzhan  |  01.07.2008 ж., 14 сағат 38 минут

    Файлды өшірудің ең дұрыс жолы «балға» деген осындан қалған.
    Бірақ дегенімен де өшірілген файл размері үлкен болса оны қайтару өте қиын, арнайы мамандар, құралмен болмаса (FBI, CIA дегендей – Побег деген кинодағыдай) ал размері аз файлдарды өшірілгеніне (shift+del) көп уақыт болмаса қатардағы утилиталардың өзі алып шығады.

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  01.07.2008 ж., 15 сағат 10 минут

    Ал ол файлдардың жанына салынған жараны кім жазады?…

    Жауап беру
  • 3. balgyrgan  |  02.07.2008 ж., 22 сағат 14 минут

    а?
    «Шрифт+Дел» дұрыс емес па? енді қалай өшіру керек?
    Обычно корзинаны қолданбаймын десем де болады, көп жағдайларда Шрифт+дел дей саламын, оңай сияқты!

    Жауап беру
  • 4. Ruslannnn  |  02.07.2008 ж., 23 сағат 16 минут

    Корзинаны қолдану одан бетер жаман. Файлдарды жаңағыдай экзекуциядан өткізіп, қинап өлтірместен бұрын, арнайы камерада (корзинада) ұстағанмен бірдей. Женева конвенциясына қайшы.
    Ең дұрысы – ешқандай файлды жоймау.

    Жауап беру
  • 5. technosyndrom  |  03.07.2008 ж., 01 сағат 58 минут

    :)))) Және Женева конвенциясы бойынша – әр адамға 4 шаршы метр жер тиесілі түрмеде.

    Жауап беру
  • 6. saken  |  04.07.2008 ж., 10 сағат 44 минут

    сонда қалай???
    із-түзсіз жойдым деген файлым, компотырымның бір бұрышында шіріп жатыр ма???

    Жауап беру
  • 7. ruslannnn  |  04.07.2008 ж., 11 сағат 53 минут

    saken, ия, шіріп, сонымен қатар, тірі жатады… Ontrack EasyRecover не басқа да құтқарушы отряд жіберіп тірілтіп алуға болады, бірақ ол файл бұрынғыдай жайдары, он екі мүшесі сау болмайтыны анық… 😦

    Жауап беру
  • 8. akzere  |  04.07.2008 ж., 13 сағат 27 минут

    Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған?… 🙂

    Жауап беру
  • 9. urimtal  |  08.07.2008 ж., 12 сағат 11 минут

    Ағайындар-ау, түсінбей атырм дачы.
    Сонда жойдық деген файлдарымыз жойылмай, комптың миына қосымша салмақ болып тұр ма? Сонда қажетсіз файлдардан түбегейлі құтылу үшін не істеу керек?

    Жауап беру
  • 10. ruslannnn  |  08.07.2008 ж., 12 сағат 21 минут

    Жоқ, әрине. Оларды жоюдың қажеті жоқ, олар резервациядағы файлдар, еш құқықтары жоқ, өмірінің соңғы күндерін анадай қорлықпен өткізген… Қосымша салмақ болмайды…

    Жауап беру
  • 11. technosyndrom  |  08.07.2008 ж., 13 сағат 24 минут

    …Бірақ салықшылардан не барлаушылардан жасырам деп, жай ғана удалить етіп тастау жеткіліксіз…

    Жауап беру
  • 12. urimtal  |  08.07.2008 ж., 21 сағат 04 минут

    Рахмет. 🙂

    Жауап беру
  • 13. technosyndrom  |  08.07.2008 ж., 22 сағат 46 минут

    Өзімше ғылыми түсініктеме (ұялған күлегеш)…
    Файлдың басында және соңында белгілер болады, олар сәйкесінше – BOF (begin of file) және EOF (end of file).
    Сіз Delete командасын жібергенде, операциялық жүйе (әйтеуір Windows сүйтед) ол файлды жою үшін тек ғана BOF және EOF флагтарын жоя салады да, файлдың денесі қалады!
    Арнайы программалар әлгі флагтарды қайта қойып, қайтадан файл қалыптастыра алады. Әрине, енді оның түгендігіне кепілдік жоқ. Алайда жойылғанына да кепілдік жоқ.
    Мәскеулік салықтан тығылушылардың көбі осыны білмегендіктен қағынған. Яғни салықшылар не прокуратурадан рейд келер кезде, файлдарды тек удалять етіп тастаған (естуімше, 1С бағдарламасының dbf базаларын). Аналар, түк болмағандай, барлығын қалпына келтіріп, көздерін көкшиткен сосын. Тиын-тебен беріп шаққа құтылыпты әйтеуір. Ойбай, бұл енді басқа әңгіме екен ғой…

    Жауап беру
  • 14. ruslannnn  |  08.07.2008 ж., 23 сағат 29 минут

    Ия… Бұл тақырып ашылып отырған жаңалық немесе басқаларға сабақ болсын дегендіктен емес, жай ғана әлжуаз-романтикалық, БОФпенЕОФтары жоқ файлдарды аяғандықтан туған еді…

    Жауап беру
  • 15. saken  |  21.07.2008 ж., 11 сағат 58 минут

    Менің түсінбейтінім, жойдым деген файлым мусыр болып, компотырымның бір бұрышында жатса… Ол мусыр жинала бермей ме??? соншама мусырға ҺДД-ымнан орын табыла береді ме?
    Менің компотырымдағы ҺДД-ымның көлемі 200 ГБ болса, осы кезге дейін өшірген файлдарымның көлемі 200 ТБ-данда көп шығар қазір.
    Сонда қалай болғаны???

    Жауап беру
  • 16. ruslannnn  |  21.07.2008 ж., 12 сағат 21 минут

    Жоға, ол файлдар келмеске кетті. Бір минут үнсіздік жариялайық…

    Жауап беру
  • 17. kara kazak  |  17.09.2008 ж., 05 сағат 59 минут

    tun ortasinda turip alip osi bale basimnan ketpei koidi magan sol kaita keltiru joldarin tusindirip bersender bolar emes baigus faildarga jnim aship ketti

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: