Ұйқы туралы

06.05.2008 ж. at 21 сағат 42 минут 15 пікір

Үш арсыздың бірі – ұйқы…
Ертең таңға дейінгі жауым осы ұйқы болып отыр. Жаумен күресу үшін, ол туралы толық мәліметке ие болған дұрыс, әрине. Осы оймен орыс википедиясына кіріп, ұйқы туралы оқып қарадым:
«Сон — естественный физиологический процесс пребывания в состоянии с минимальным уровнем активного сознания и пониженной реакцией на окружающий мир, присущий млекопитающим, птицам, рыбам и некоторым другим животным, а также насекомым (например, дрозофилам).»
Хммм, дрозофиллдер, қандай бақыттысыңдар, дыммен шаруаларың жоқ… Ұйқыларың келсе, ұйықтайсыңдар, ұйқыларың келмесе, ұйықтамайсыңдар. Ренжімеңдер, сендерге ұқсағыларым келмегеннен емес, басқа бір шаруаларым болып қалып жатыр…
Жатақханада бұндай емес еді, дым шаруа жоқ болса да, ұйқым ауысып кеткен, түн ортасында ұйықтайтынмын. Қазір, таңертең сегізде жұлқылап тұрғызып алатын болғасын, түні бойы жүруге шама жоқ, он екі – бірлерде төсекке жатсам болды, «азғана уақыттан кейін» жұлқылап оятып жатады, сағатқа қарасам – сегіз…
Таңға дейін көрейін, бірдеме қылып )))) Ертең көзім қызарып, зомби болып жүре ме екенмін, қалай болар екен, ә?

Advertisements

Entry filed under: Категория жоқ.

Жұмыс столының фоны «Ақшаның иелері»

15 пікір Add your own

  • 1. akzere  |  07.05.2008 ж., 09 сағат 26 минут

    Бәріміз де сол… Бұрындары досыммен түнгі сағат 3-4-ке дейін телефонмен сөйлесіп, таңертең 8-де тұрып жұмысқа келетінмін. Недеген азап десеңші, бірақ бәрібір сондай бақытты болатынмын… 🙂
    Ал қазір 12-лерде жатып қаламын. Кеш жатсам жұмыста зомби болып жүретінім анық… жастық шақ өтіп барад…

    Жауап беру
  • 2. ruslannnn  |  07.05.2008 ж., 13 сағат 46 минут

    Осы жазба жазылған кезде ресми түрде жарияланған «айқас» түнгі сағат төрттен отыз екі минут кеткенде менің капитуляция жасауыммен аяқталды. Қазір өзімді зомби сезініп жүрген жоқпын, шүкір 🙂

    Жауап беру
  • 3. arsenal777  |  07.05.2008 ж., 22 сағат 49 минут

    бір күні(түні) монитордан басымды алып, ұйықтайын дегенде терезеге қарадым, таң атқан екен :)))

    Жауап беру
  • 4. technosyndrom  |  11.05.2008 ж., 01 сағат 58 минут

    Дрозоффил әрине бақытты, алайда жылқылар мен пілдер адамдарға сенің дрозоффилдерге қызыққаның сияқты қарайтын шығар. Дегенмен төрт аяқтап тұрып ұйықтау – біздікіне қарағанда азап қой 🙂 🙂 🙂

    Жауап беру
  • 5. Balgyrgan  |  12.05.2008 ж., 11 сағат 28 минут

    кеше жатарда сіңліп шықпай жатқан бір есебін қарап беруін сұраған еді… түсімде соны көрдім … бір оянып қарасам 3 екен, түсімде сандар кіріп қоймаған соң тағы оянып кеттім, қарасам 5 екен … содан 7-де «тұр дим тұр тағы қаласың жұмысыңнан» деген оятпаса тұрмас едім …
    былай: (сөзбе сөз жеткізе алмаймын) үш таңбалы санның соңғы саны 3, егер сол санды керісінше қоятын болса, ол сан бұрынғы саннан үш есе артық және 1-ге артық болады. Сол санды табыңыз.
    Жауабы жазылған, бірақ қалай табатынын БІЛМЕЙМІН

    Жауап беру
  • 6. ruslannnn  |  12.05.2008 ж., 13 сағат 15 минут

    Balgyrgan, сөзбе-сөз жеткізіп көрші, мынаны түсінбедім, ұйықтай алмай қалармын тағы.
    Егер соңы 3-тен аяқталатын үш таңбалы санды 3-ке көбейтіп, оған бір қосса, сол санның керісінше жазылған түрі шығу керек қой, солай ма? Бұл шарт дұрыс емес, себебі, соңы 3 болып аяқталатын санды үшке көбейтіп, бір қоссақ, шыққан санның соңғы цифры 0-ге тең болады, яғни, бастапқы сан 3 таңбалы болмай қалады 😦
    Әлде, санды теріс айналдырып, соңына 1-цифрын жалғаймыз ба? Бұл шартты қарап көрейін қазір…

    Жауап беру
  • 7. bakytnur  |  12.05.2008 ж., 13 сағат 54 минут

    Baldyrgan tagy bir aita salasyn ba, men de jazyp kordim, Birak shikpady.

    Negizi 2 tanbaly sandy

    100x+10y+z dep belgileimiz. Al z=3
    sonda
    3*(100x+10y+3)+1=3*100+10y+x

    300x+30y+10=300+10y+x

    299x+20y = 290 x,y sandary naturak san bolgandyktan jauaby jok 😦

    Men alde beriluin tusinbedim?

    Жауап беру
  • 8. ruslannnn  |  12.05.2008 ж., 14 сағат 01 минут

    Бақытнұр, бұл формуламен мен де бастағанмын, осы жерге тірелдім. Енді осы шартпен, 6-шы пікірді оқып қара, яғни, біз шартты дұрыс түсінбей отырмыз, мына жағдайда есептің мағынасы жоқ. Есептің шартын күтеміз-дағы…

    Жауап беру
  • 9. bakytnur  |  12.05.2008 ж., 15 сағат 17 минут

    iya!!! al jauaby bar dedi goi.. Sol kalai eken ozi?

    Жауап беру
  • 10. Balgyrgan  |  12.05.2008 ж., 17 сағат 13 минут

    былай болуы керек сиякты
    100*х+10*у+z – берілген сан

    100*z+10*y+x=3*(100*x+10*y+z)+1

    и чито?! екі белгісізі бар бір-ақ теңдеу …
    Жарайды ертең тошнысын айтамын

    Жауап беру
  • 11. ruslannnn  |  12.05.2008 ж., 17 сағат 22 минут

    Ок, күтеміз.
    и чито?! екі белгісізі бар бір-ақ теңдеу …
    Бірақ, Бәкең айтқандай, ол екі белгісіз де 0 мен 9 арасындағы натурал сан болмай тұр ғой, болса, чито-дрито есеп шешілер еді.

    Жауап беру
  • 12. Balgyrgan  |  13.05.2008 ж., 09 сағат 11 минут

    Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда үш еселенген санның 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болады. Осы санды табыңыз.
    (сөзбе сөз)

    Жауап беру
  • 13. Русланннн  |  13.05.2008 ж., 10 сағат 25 минут

    103 жане 310.
    3*(100х+10у+3)+1=300+10х+у
    осы тендикти шешсениз, жогарыдагы жауап шыгады 🙂

    Жауап беру
  • 14. Balgyrgan  |  13.05.2008 ж., 13 сағат 12 минут

    есепті жабық деп жариялаймыз 🙂

    Жауап беру
  • 15. bakytnur  |  16.05.2008 ж., 11 сағат 32 минут

    Kelesi esebindi kutemiz… Kommentte esep sheship jyrgaityn bldyk ko

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: