Өзгеріс енгізсек қайтеді?

28.04.2008 ж. at 22 сағат 53 минут 10 пікір

Сәлем! Бірдеңе өзгерту керек сияқты, қалай ойлайсың?
Бір сұрақ – блогқа қалай тап болдың? Бұл блог туралы әзір еш жерде жазбаған едім, сонда да тауып келіп отырсың. Әбден еріккенсің ғой, мен сияқты 🙂
Ерігу… Соңғы кезде өтірік бірдемелерді көп шұқитын болыппын. Қайдағы жоқ форумдарға кіріп, оффтоп жазып, тақырыптан айдалада лағып жүремін. Сол тақырыпқа қызығып, дұрыстап қатысушыларға бұл қызық болса екен, жоқ, оларға түк те қызық емес, және мен оларды түсінем. Бұның бәрі, әрине, жақсы емес.
Интернет ауруымен сен де ауырып отырсың, осы отырғанда, солай ғой? Түк қызығы жоқ тақырыптарды бір ашып, бір жауып, жаңа бірдеңе пайда болды ма екен деген оймен, уақытыңды босқа өткізіп отырсың ғой. Былай істейік. Өмірге азғана өзгерістер енгізейік. Алдағы өмір туралы ойланайық. Өзімізді-өзіміз алға сүйреп, дамымасақ болмас.
Неден бастаймыз дейсің бе? Ммм, мүмкін спорт жағына көңіл бөле бастағанымыз дұрыс болар, ә? Таңертең жүгірем ба деп отырмын, сен де сөйт, әйтпесе мына компотырдың алдында күні-түні отырғаннан денсаулығыңа зиян болмаса, пайда келмейтіні айдан анық.
Жалпы, ойлар бар негізі, бір-бірлеп жазып отырармын. Әр түрлі, өмір, бақыт, ғылым, білім, дін, т.с.с тақырыптар жөнінде… Әзір басыңды қатырмай-ақ қояйын, ертең жолығармыз. Сау бол!

Advertisements

Entry filed under: Категория жоқ.

Алғашқы жазу Жұмыс столының фоны

10 пікір Add your own

  • 1. karakyz  |  06.05.2008 ж., 01 сағат 59 минут

    Ия, мен де ауырып отырмын, интернетпен. 🙂 Кәдімгідей дәл суреттеп жазыпсың. мен сені сәуегей ме деп қалдым. Бәрін қайдан білдің!
    жүгіру дейсің бе… мен оқталғалы қай заман, таңертең ерте тұру маңдайыма жазылмаған болар:))). бірақ күндіз велосипедпен қаланы аралап шығуға әбден болад.
    осылай жаза берсең, оқи береміз шама келгенше. Сәттілік тілеймін!

    Жауап беру
  • 2. urimtal  |  06.05.2008 ж., 05 сағат 17 минут

    Сәлем! Негізі ерігіп отырғаным жоқ. Бауырларымның жаңа технологияны өз өмірлерін өзгерту үшін пайдаланып жатқанына қуанып отырмын. Блогың қазақ тілінде болғандықтан, Уордпрестің тіркелетін бетінде көрнп тұр екен, Руслан. Солай жолықтым.
    Сәттілік тілеймін. Қызықты жазбалар күтемін.

    Жауап беру
  • 3. ruslannnn  |  06.05.2008 ж., 08 сағат 20 минут

    Рахмет. Жазғыш емеспін, жай ғана арасында туған ойларды жазып тұрсам, болар деп ойлаймын.
    ЗЫ. Мына комменттерді тексеруге күттіріп қоятыны жаман екен, қазір алып тастайын.

    Жауап беру
  • 4. Айко  |  06.05.2008 ж., 09 сағат 45 минут

    қалай келдің десен қарақыздың бетшесінен келдім.
    бірдеңе өзгерту керек…
    аха ато шаршап кетесің. дәл қазр жылдық демалыс жариялап Өзбекстанға кетіп қалсам ғой деп дәлеменіп отрм, вряд ли мамка жіберед. Сөйтіп өмір өзгерсе, саяхатқа шықсам. бірақ қаладан да бастасам болады ғой. мысалы… так неден бастасам???
    ролик сатып алып сонымен ермектей турсам калай болар екен?, қойч ерікпей деп тәтем сатып алып бергісі жоқ. ЧеТам, ЧеТам ниче не стоит деп көндірген болам. бірақ оны кіммен тебем? фууу достарымның бәрі есейік кетіпті…
    ну ниче кеткенді верстайт етейік демекші, парктен кішкене балдармен ойнай тұрайын. Ойййй тағы айтад жігітім бала болып кеттің бе деп.
    онда есік алдына тебем, қойч аз жерге тепкім келмейді. Достар кімде ролик бар? кеттік 28 парікке

    Жауап беру
  • 5. Mercury  |  06.05.2008 ж., 10 сағат 52 минут

    Жігіттер, іш пыспас үшін не істеу керек екенін білемін: жұмыс жасау керек. Айқайлап отыратын бастық болса тіпті жақсы.

    Жауап беру
  • 6. ruslannnn  |  06.05.2008 ж., 12 сағат 12 минут

    Жұмыс бар ғой. Бастық айқайламайды, сол жағы қиын болып тұр… Жұмыста жұмыс істеймін. Блогты үйде жазамын, ол жағына қиналма 🙂

    Жауап беру
  • 7. akzere  |  07.05.2008 ж., 09 сағат 20 минут

    Мен бүгін ғана білдім блог ашқаныңды. Қазақ блог ридерге хабарлама келді. Шынымды айтсам, қуанып кеттім… 🙂
    Ал жүгіру жайын келсек… қойшы… әлі интернет ауруымен ауырып бітпедім 🙂

    Жауап беру
  • 8. кендебай  |  11.05.2008 ж., 14 сағат 25 минут

    мәссаған. Қазір ғана байқадым. Бұл блогқа бірінші рет кіріп тұрмын. Name деген жерге менің атымды, е-мэйл деген жерге адресімді кім жазып қойған???

    Жауап беру
  • 9. Balgyrgan  |  12.05.2008 ж., 11 сағат 48 минут

    Русланннннннннннн
    барлық жазғаныңа коммент тастап, тастап жатырмын…
    БАсты ауыртпайсың да особо…
    Өзгеріс өз өміріме енгізбекшімін, келесі айдан бастап велик тебу мен атта отыруды, ролик тебуді, тамақ жасауды, жұмыста солайдеге кірмеуге тырысуды, жүзіп үйренуді, азырақ тамақ ішуді, сөмкемде п-ға келетін затты орнатуды, орысша сөйлемеуге қатты тырысуды ТОЧНО қолға аламын… а ұмытып кетіппін, арақ, темекі, секс, қара түсті ойларды ойламауға ӨТЕ қатты тырысамын деп ойлаймын ….

    Жауап беру
  • 10. Nurlybek  |  18.06.2008 ж., 12 сағат 46 минут

    Ruslannn, ozgeris engizip, kunde tanerten turip alip zhgirip zhurgen bolarsin da?

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed



%d bloggers like this: