Posts filed under 'Uncategorized'

Сисадмин туралы

Үлкен компаниядағы үлкен сервер жасамай қалған кездегі сисадминнің бастан кешкені туралы видео…


7 comments 22.07.2008 ж.

Ренжіме, Ваня! :)

Аськаның хисториін ақтарып отырып тауып алдым. Оқиға мәтіні өзгертіліп берілген (цензурадан өтіп дегендей..). Леляны да, Ваняны да танымаймын. rus - мен.

Lelya: Привет, я тут контакт-лист чищу, ща подожди.
rus: привет
Lelya: Вот и готово! Ну, как, че делаешь? К экзамену готов?
rus: ну да вот, шпоры вырезаю, авось пригодится (қандай экзамен екенін хз, ана қыз басқа біреумен шатастырып отыр не де болса..)
Lelya: А вроде умник, три курса без шпоры ведь прошел
rus: дык ведь завтра трудно будет, вдруг провалим?
Lelya: мдааа…
(— мына жерде олбан тілі туралы он минуттық дискуссияны қиып тастадым—)
rus: прикольный бот :)
Lelya: дурак ты Ваня, брось эти шуточки! (оффлайн болып кетті, инвизиблге кірді шамасы)
*********
rus: Послушайте мадемуазель, никакой я не Ваня, вы меня перепутали с кем-то.
Lelya (offline): Не ври, не Ваня он, видите ли!! И бот отключи
rus: А по нику не видно штоль?

Ары қарай тағы да бес минут бойына мен оған Ваня емес екенімді, Мәскеуде тұрмайтынымды дәлелдеумен болдым… Әсіресе ана жігітті воздержание жасаймыз дегені шошытты, екі орыстың күнәсіна қаламын ба деген ой :) Сенсе сенер, сенбесе - ренжіме, Ваня! Просто есіме түсіп кетті.


6 comments 17.07.2008 ж.

Универсалды қатарлы аптобус

http://habrahabr.ru/blog/i_am_clever/37160.html

http://www.bogus.kz/?p=219

Тақырыпты білетіндер тағы да күлді, білмейтіндер бұл не пәле деп қалған боларсыздар. Бойан деп сөкпеңіздер, шыққанына үш ай болса да, бүгін тауып отырмын бұл туралы.

Жоғарыдағы сілтемеден:

“…Газета Экспресс-К сообщает, что недавно профессора Алимжан Берикулы и Асхын Турым возглавили проект по созданию специального англо-русско-казахского IT-словаря. К настоящему времени они перевели почти 1200 терминов. Все новые IT-выражения утверждены в Комитете по языкам Министерства культуры и информации. К слову, ряд латинских терминов получил лишь казахский суффикс. А широко употребляемые слова переведены полностью, к примеру, передача - тасымалдау, адаптер - бейiмдеуiш,  USB (Universal Serial Bus) - УҚА (Универсальдi Қатар Аптобус).…”

USB (Universal Serial Bus) - Универсалды қатарлы аптобус болып аударылған екен… Столдың астынан жаңа шықтым, енді-енді жазуға мүмкіндігім болып жатырр. Ухх… Ішімай-ішім… ішім-айй..

Күлеміз-ау, ана “сканерді” мәтіналғы қылып қойғандардың қасына қосып ату керек қой бұларды.

Аптобус!! Хахахаха!!!!


22 comments 18.06.2008 ж.

Неден зайб… зыкын шыкты?

http://www.zaebalo.com сайтын карап кор, сол жерде жазылган :) Антижарнаманын бир тасили ма екен?


Add comment 18.06.2008 ж.

Блондинко

Шашынын туси емес, компьютер сауаттылык денгейи бойынша. Биреу емес, екеу. Миымды еки есе ашытты деп ойлап калган шыгарсыздар, а_вот_куй, коптен берги арманым орындалды!!!
Не гой, шынымен айтайын, мен олен тындап, телефон туткасына жабысып алып, еригип отырганда, сендердин компьютер жондеп жаткандарын бир турли, арине, бирак - кайп. Кайп болгасын шыдадым…
Жуйе кондырылып турган С разделин форматтау ушин, “мой компьютерди” ашып, дискинин он жагын басып, “Форматировать” дегенде де, шыдадым…
“Мынау не пале” деп журип, хабты сондирип, интернетимди айырып тастагандарын киындау болды, арине, бирак оган да шыдадым… :-)
Бирак, далее кнопкасын бирнеше рет басып, касперскийди кондыргандарынды мойындаймын жане басымды ием, бул - ерлик…
Кеудемди неше турли эмоциялар толтырып, конилим алай-дулей болып отыр, сезимимди созбен айтып жеткизе алар емеспин, кеширерсиздер…
ЗЫ. Кеше тойладым, бугин тагы тойлаймын! Урааа! Айтишниктер, сисадминдер, программисттер - биригиндер!!! Блондинколарга тойтарыс берелик!!! Гип-гип, урааа!!!


Add comment 12.06.2008 ж.

Фото. 1.

“Сен де бір кірпіш дүниеге…”

“Кешікпей келем деп ең…”


8 comments 05.06.2008 ж.

Бұл не қате?

Бірінші рет Балғырғанның блогында байқағанмын. Бір бетке өткің келіп, сілтемесін бассаң, “404 - кешір быратан, таба алмай отырм” деп қате шығарып, ана бетті ашпайды. “Еее, блогты жаңа ашып жатыр, бірдеңесін бүлдіріп жүрген болды ғой” деп, қоя салғанмын… Содан кейін ашылған Ішпысқан блогаулында да осындай қате байқадым… “Қазақтарға не болған, блогты да дұрыстап аша алмай?” деп, ойланып қойееееп, жүре бергенмін..

Сөйтіп, бүгін Ақзеренің блогынан байқап, осы 404-ті, бұл бір эпидемия болды-ау деп, өз блогымдағы жазуларды тексеріп қарасам - бірде-біреуі ашылмайды.. :(

Сосын, админ-панельге кіріп, “жазуларды басқару” деген жерден, жазулардың тақырыптарын өзгертіп (өзгерту деп басып, сол жазудың атын қайта қойып), сақтап, қайта кіріп қарасам  - ашылып тұр…

Сіздерде де осындай қате шыға ма? Балғырғанның, Ішпысқанның немесе Ақзеренің бұрынғы жазуларына кіріп,тексеріп көріңізші, ашыла ма екен?

Ашылмаса, жазулардың сілтемесін өзгерту қажет болар.

Әлде браузерімнің қатесі ме екен? :)


13 comments 30.05.2008 ж.

Ең жақсы антивирус

“Көзімді ашқанда” көргенім Касперский антивирусы еді. Керемет антивирус, көріп-білмеген вирусыңды тауып береді. Бұл антивирустың кереметтігіне тағы да бір көз жеткізіп отырмын - бір компьютердегі hal.dll файлын жойып тастапты :)
Виндоусқа арналған антивирус. Виндоус дұрыс жұмыс жасау үшін. Виндоустың ядросын жойып тастаған.
Пайдаланушы аман болсын деген тілегі шығар, Евгений көкеміздің…
Бұдан кейін Касперский антивирусы басқалардан кем деп қайсың айта аласың?


6 comments 27.05.2008 ж.

Айыпқа бұйырмаңыздар

Екі аптадай блогтан жоғалып кеттім, судокуден қол тимей жатыр. Орташа деңгейдегі 15-ші ойынға жеттім, енді бар болғаны 85-і қалды. Кейінірек хабарласам.


4 comments 27.05.2008 ж.

“Ақшаның иелері”

Менікі терең журналисттік зерттеу де, ұзақ жылдар бойғы архивтерді ақтару нәтижесі де емес. Жай ғана бір ой, менде жаңа ғана туындап отыр, былайынша, көп жерде айтыла-айтыла жауыр болған тақырып болуы керек.
Ақша (банкноттар, тиындар) шығару туралы айтып отырмын.
1995 жылы $380 миллиардов доллар банкноты айналымда болса, 2005 г. бұл көлем екі есеге $760 деңгейіне жеткен екен. Жыл сайын доллар банкнотасының жалпы құны 6.6 %-ке өсіп келе жатыр екен.
Сонда деймін, доллар шығаратын жер АҚШ-та, сол жерден 100 долларлық бір банкнот шығарған сайын АҚШ мемлекеті 100 долларға байи ма? Соған басым жетпей, интернеттен іздеп көрсем, бұны ойланып жүргендер де баршылық екен, кино түсіріп те тастаған екен.
Сахнада “The Money Masters” (”Ақша иелері”, 1996 жыл) деректі фильмі!… Америкостардың өздері түсірген екен, он екі жыл болса да, өз қызығын жоғалтпаған болар.
Шыдамсыздық танытып,
http://www.traditio.ru/index.php/%D5%EE%E7%FF%E5%E2%E0_%C4%E5%ED%E5%E3_%28%F4%E8%EB%FC%EC%29 адресі бойынша фильмде айтылатын ойларды оқып едім, тіпті шошып кеттім. Дачы.
Доллар банкнотын шығаруға толықтай құқығы бар жалғыз мекеме - Федералдық Резерв мекемесі жекеменшік мекеме болып табылады екен… Қанша шығарғысы келсе, сонша шығарады, бірақ айналымда бір банкнота көбейген сайын, соның құны түсетіні белгілі ғой? Банк жүйесі қалай пайда тауып жатқандығы туралы, және басқа да осындай-осындай махинацияларды әшкерелеп жазған екен, экономикадан хабарым жоқ мен де бірдеңе түсінгендей болып отырмын. Ана адрестегі мақаланы оқып көріңіздер, қызық.
ЗЫ. Киноны қарап көргендеріңіз бар ма? Қандай ой айтасыздар?


9 comments 12.05.2008 ж.

Previous Posts


Соңғы пікірлер

technosyndrom Сисадмин тура… адресінде
akzere Сисадмин тура… адресінде
mergen Сисадмин тура… адресінде
balgyrgan Сисадмин тура… адресінде
Тестер Сисадмин тура… адресінде

Күнтізбе

Шілде 2008
M T W T F S S
« Jun    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

Сілтемелер

Соңғы жазулар