Posts filed under 'Ұялы телефон'
PPModd
Алдыңғы тақырыптардың жалғасы ғой.
Телефонға қазақша әріптерді оқытып қана қоймай, оның интерфейсін өзгертіп, ішіндегі “сообщения”, “приложения” деген сияқты қассақша емес сөздерді азайтқыңыз келсе, онда PPMOdd қолданыңыз. Инструкциясы мында.
Бұл да ППМ өңдеуші бағдарлама, бірақ PPMEditor-дан жақсы жері – бұл бағдарлама көмегімен мәтіндік ресурстарды өңдеуге болады. Сосын, жүйеде Тілмаштың файлдары қондырылған болса, онда қиналмай, PPModd көмегімен қажетті тілді XML-форматқа ауыстырып, оны аударып, сосын қайтадан ППМ-ға импорттау мүмкіндігі бар.
Орыс тілін XML-форматқа экспорттап, барлық жерін “қазақша” деп өзгертіп, қайта салсаңыз, телефонға патч жасағаннан соң, телефонда бір ағылшын тілі және екі орыс тілі болады да, интерфейс өзгермейді. Неге? Білмеймін
))) Сондықтан, ыңғайлысы, өзіңіз қолданбайтын бір тілді алып, соны экспорттап барып, аудару. Мысалы, болгар немесе венгр тілі.
Мынау – болгар тілінен қазақшаға аударылған телефонның скриншоты (мағынасына мән бермей-ақ қойыңдар, қазақшаға аудару мүмкіндігі бар екендігін көрсеткім келгені, бар болғаны сол):

9 comments 17.05.2009 ж.
PPMEditor
6300-дің шрифт, сурет, анимация, текст сияқты ресурстары *.ppm файлда сақталады. Менде ол файл “C:\Program Files\Nokia\Phoenix\Products\RM-217\rm217__07.21.ppm_i” адресі бойынша орналасқан. Бұл файлдағы ресурстарды өңдеу арқылы өз телефонымыздағы зықымызды шығарған анимацияларды ауыстырып қана қоймай, оған қазақ тілін қолдайтын шрифттерді салу арқылы қазақ тілін оқыта аламыз.
PPM-файлды PPM Editor бағдарламасымен өңдей аласыз. Инструкция мына жерде.

Инструкция бойынша жұмыс жасап, ППМ-файлды ашқан кезіңізде, PPMEditor бағдарламасының қасында “ExtractRes” бумасы құрылады да, соның ішінен өзіңізге қажетті ресурстарды алып, өңдей аласыз. Бірақ, бір ресурс орнына жаңа ресурс салған кезде есіңізде болсын – жаңадан салынған ресурс бұрынғы ресурстан көлемі кіші немесе тең болуы керек. Шрифттерді ерінбей FontLab-пен өзгертуіңізге болады, бірақ, ескертіп қояйын, мен оның стандартты Nokia Sans шрифтін өзгертіп (екі күн босқа кетті), оны ППМ-ға салып, прошивка жасағанымда, компьютерде қазақша әріптерді тым жақсы оқыған шрифт, телефонда дұрыс жасамай қалды: қазақша таңбалар басқаларынан бір жарым еседей үлкен, ерсі болып көрінді.
Сондықтан, Виртуалбоксқа Тілмаш қондырып, оның Arial (қазақшаны қолдайтын кез-келген шрифтті алуыңызға болады) шрифтісін FontLab-пен ашып, ішіндегі өзіме қажет емес таңбаларды (әрине, латын және кирилл әріптері, қазақ әріптері және жиі кездесетін таңбалардан басқа)жою арқылы ол шрифтінің көлемін біршама кішірейтіп аласыз да, осы кішірейтілген шрифт файлын PPMEditor арқылы ППМ-файлға саласыз.
Енді прошивка жасау керек. ППМ өзгерткен жағдайда, Phoenix-пен қарапайым прошивка емес, Phoenix Prommer Tool қолдана отырып жасайсыз. Инструкция http://www.art-iom.narod.ru/FAQ/prommer.htm адресінде бар.
Prommer Tool қолданған кезде, бірінші және екінші файлды көрсетсеңіз жеткілікті. Бірінші файл C:\Program Files\Nokia\Phoenix\Products\RM-217\ бумасында *.mcusw типімен жатса, екінші файл ретінде өзіңіз өзгерткен *.ppm файлды көрсетесіз.
Құттықтаймын, телефоныңыз қазақ тілін қолдайды. Енді ұялы телефонмен интернетке кіріп, сүйікті сайттарыңыздан қажетті ақпаратты қазақ тілінде оқи аласыз.
Ұялы телефонымның скриншоты (Опера мини):

2 comments 13.05.2009 ж.
Phoenix
http://forum.allnokia.ru/viewtopic.php?t=27509
Phoenix арқылы Nokia ұялы телефондарының бағдарламасын жаңартуға болады, оны мына сілтеме бойынша алып көр: http://files.mail.ru/Y59T59 (~135Мбайт).
Көшіреміз, қондырамыз. Стандартты ХР болмаса, Зверь/Экстримдерге қондырылуы қиындау екен. Тағы бір ескертулерге сенсек, Phoenix және PC Suite екеуінің бастары, драйверлері бір қазанға сыймайды, сондықтан, бұл бағдарламаны PC Suite бағдарламасымен “ластанбаған” жаңа жүйеге орнатқанымыз дұрыс. Өзім VirtualBox 2.2-ге жаңа комп жасап, соған таза XP қондырып алып,жасап жүрмін. Виртуалбоксты таңдаған себебім, – Ms Virtual PC – USB-ді қолдамайды, ал бізге ұялы телефонды комппен жалғау үшін USB-сым керек-ақ.
Жаңартылған прошивканың лайт-нұсқасын (қазіргісі – 07.21) http://allnokia.ru/firmware/download.php?id=31 сайтынан алдым. Лайт-прошивканы іске қоссақ, ол автоматты түрде өз файлдарын c:\program files\nokia\phoenix\products бумасына көшіреді.
Толық инструкция мына жерде: http://www.art-iom.narod.ru/FAQ/
Болды, бар болғаны осы. Бағдарламаңыз орысша болды, нұсқасы 07.21. Құттықтаймын.
Жоспарда – қазақша шрифттерді қосу және опцияларға қазақ тілін қосу.
3 comments 10.05.2009 ж.
NSU
Бауыр басып қалған сүйікті ұялы телефоныңыз \қызық, екеуміз бірдей ұялы телефон ұстайды екенбіз\ соңғы кездері ерекше қылық көрсетіп, ауру\сырқауы көбейіп жүр ме? Саспаңыз, сервис центрге апаруға да асықпаңыз. Компьютердің бірдемесі қуса, жүйесін қайта қондыра саламыз ғой, ұялы телефонды да солай жасауға болады.
Сонымен, алға.
Берілгені: интернет опциялары сақталмайтын, ішіндегі стандартты ТМобайл интернет профильдері жойылмайтын телефон. *#0000# теріп, бағдарламасының версиясы 05.50 екенін біліп алдым.
Әрине, әдепті пайдаланушы ретінде нокианың ресми сайтына кіріп, ұялы телефон бағдарламасын жаңартуға арналған Nokia Software Updater бағдарламасын көшіріп алып едім, NSU компьютердің интернет байланысы үзіліссіз болуын талап етеді екен, бұл мүмкіндік менде жоқ. Ал егер NSU көмегімен телефондағы бағдарламаны жаңартып жатқан кезіңізде, интернетпен байланыс үзіліп кетсе, телефонға хана. Тұтынушыларды қолдау қызметіне телефон соғып, интернеттен керекті файлдарды көшіріп алып, НСУ арқылы оффлайн түрде жаңарту мүмкіндігі жоқ екенін біліп алдым.
“Ок, тәуекел, көрейік” деген оймен телефонды компқа қосып жіберіп, “Нокиа режимін” таңдап, НСУды ашып, “Далее” деп басып, басып, жаңартып тастағам. Инет үзілген жоқ, шүкір. Телефоным толықтай ағылшын тіліне ауысып шыға келді, орыс тілін қолдау атымен жоқ. Хабар жазғанда да, өлеңдерді ашқан уақытта да, орысша әріптер оқылмайды. Опцияларында шығысеуропалық тілдер бар біршама, одан не пайда…
Қолдау қызметіндегі қыз “Құттықтаймыз, Сіздің телефоныңыз Ресейге арналмаған, еуропалық екен, сондықтан НСУ оны автоматты түрде анықтап, оған қажетті тілді өзі таңдап берді” деп қуантып қойды. Қуанышыма ортақтас болған бұл жаннан “Еу, қарағым, рахмет, бірақ, маған орыс тілі керек еді…” деп те сұрай алмадым, қайтейін енді.
Очм, басқа жол іздеп, форумдарды аралап жүріп, Phoenix бағдарламасына кезіктім. Алған әсерім – керемет!
Add comment 09.05.2009 ж.