Posts filed under 'Футбол'
Кешегі ойынның ұнаған жерлері
Голдың видеосын көрген боларсыздар, өзіме ұнаған жерлерін қиып алып, салып қойдым. “Кешігіп салды” деп сөкпеңіздер, қолым тиген уақытта салып жатырмын.
1. Таңат Нөсербаевтың соққысы, 10-шы минут.
2. Таңаттың допқа “тіспен жабысып” жүрген кезі
3. Кешеден бері қоймай айтып жүргенім осы. 47-минуттағы 99 пайыздық шансымыз. Тағы да Таңат.
4. 53-минут, тағы бір соққы.
5. Көкеевтың алдап жүрген кезі.
6. Гооолл!
75-минуттан кейін ойынды қарауға шыдамым жетпеді, тек біздің алаңда ғана ойнады… Нешауа, келесіде ұтамыз
5 comments 13.10.2008 ж.
5-1
Англия 5 -1 Қазақстан
Ұнағаны:
Құрамада жас футболшылар көп, мен байқаған үш дебютанттың үшеуі де – қазақ. Сабырхан шығып жүрді оң жақтан. Сосын Нөсербаев біраз састырды, Лэмпардың болсын, Леоң болсын, Стивенің болсын, қай-қайсысын.
Ұнамағаны:
Мокин. Білмеймін, Лория ұстайтын соққылар сияқты болып көрінді. “Қап!” деп қойдым…
9 comments 11.10.2008 ж.
Невилл.
2000-да полуфиналда итальяндықтар голландтықтарды он адаммен жеңгені, Тольдоның бес пенальти тірегені есімнен кетпейді, неге екенін…
Мынау Фил Невилл, Эвертонның капитаны, Ливерпульмен былтыр болған ойындағы бір момент. Дұрыс жасаған. Капитансың ба, қолмен тіре, қызыл алсаң да, артыңнан келген қақпашы пенальти тіреуі мүмкін
Бірақ, пенальтиді тірей алмай қалды қақпашы
((
Add comment 30.08.2008 ж.


