Posts filed under 'Категория жоқ'

Мерекелеріңізбен!

Ғарышкер болуды армандағандарыңыз бар ма?
Мерекелеріңмен! :)

9 comments 12.04.2009 ж.

Келісім

DrWEB-тің мегалайнерлерге тегін немесе тегін еместігін әлі біле алмай отырмын…

http://drweb.kz/telecom.html

“…Ведущий оператор связи АО «Қазақтелеком» и компания «Доктор Веб» – российский разработчик средств информационной защиты под маркой Dr.Web объявляют о начале предоставления первой в Казахстане услуги по информационной защите компьютеров интернет-пользователей с помощью инновационного интернет-сервиса компании «Доктор Веб» – Dr.Web AV-Desk™. Для абонентов услуги «Megaline» доступ к данной услуге будет предоставляться бесплатно…”

Асықпа, бауырым. Бұл жерде негізгі сөз “бесплатно” емес, “доступ к данной услуге” болып шықса қайтесің?

Лицензиялық келісім-шарттардың форматын өзгертсе ғой, шіркін… Юристтердің қитұрқы сөздерінің ішінде батып кететіндей етіп, құрғақ-құрғақ (бірақ, соның өзінде саған, сенің миыңа ұстатпайтындай жылпос) сөздермен жазуға болмайтындай етіп заң шығарса… Мысалы, былай:

“п.1. Доступ к услуге антивируса DrWEB – бесплатен.

п.2. Да, доступ – бесплатен.

п.3. Да, да, антивирус тоже бесплатен!

п.4. Да, да, да!!!!! За вас платит Казахтелеком! Да, скачайте и установите этот антивирь, и никто не будет вас ругать за то, что вы пользуетесь ею. Да, и штрафовать не будут!!!! Только оставьте нас в покое!”

Сонымен не болды өзі, тегін әлде тегін емес? Қай жері – тегін?

******Updated******

ЗЫ. Жауапты мегалайнның жеке кабинетіндегі осы қызметке жазылу бетіндегі “Как это работает?” ішкі менюінен тапқандаймын. Данилов бәрін тегін таратуы мүмкін емес болар, бірақ алдай көрмесін…

1111

1 comment 11.04.2009 ж.

Әзілқойлар

Петросянның әзілдері күшті. Бірақ, соңғы көргенімде, тоқырауда жүргендей ой қалдырды. Көп адамның неге Петросянды ұнатпайтынын түсінбеймін. Көптің бірі болып оған кір жаға беру мода шығар.
РТРды қосып қалсаң, секеңдеп жүретін “Новые русские бабки”, Р.Дубовицкая сияқтыларды айтпай-ақ қояйын, бір сорпа бір апта бойына үстіне су қосып қайната берсең де, дәмі бұдан жақсы болар.
Задорновтың сатирасы күшті. Бір ғана ойдың өзінен әртүрлі бағытта дамытып әкете береді, – үйреніп жүрмін. Бірақ, әсіре ұлтшыл сияқты. “Мы, русские!” деп қалғанда, тыңдағың келмей кетеді. Филатов екеуінің жас кезіндегі бір қыдырысын еске ала отырып, Қарақалпақстандық бір мұражайға өлсе де бармайтынын айтып, өзін біраз түсіріп алды.
КВН? Квн қарамағалы қашаааан… Ондағы анекдоттарды баштан оқып алғанмын әлдеқашан.
Тамаша? Негізі, “Тамаша”-ны көріп алып  жазып отырмын дәл қазір. Екі ағамыз, біреуінің басында жалбыр шашты парик, екіншісі викинг тәріздес қылып, мүйізі бар дулыға киіп алып, екеуі сахнада бірін-бірі ұрып, секеңдеп жүр. Дәмі жоқ.. :( ((
Камеди-клаб? Ашықтығымен ұнайтын еді – кез-келген тақырыпта әзіл-оспақ айта беретін. Бірақ, одан да жалығады екенсің. Сақалын бояғанның керін келтіріп, әзілдерінің басым бөлігі сол, белден төмен болып кетті ғой.
Әзірге анекдот.ру ғана құтқарып жүр.
Ереке, сен де құтқарып қой :) Бұрынғы әңгімелеріңді теріп алып оқып жүрмін қайта. Неге газеттерге шығармайсың?
ЗЫ. Жас Алашты Ғалым Смағұлдың карикатуралары үшін ғана ашатын кездер болып еді :) Ғалым.нм.ру сайтын мәз болып ашып, ішіндегі азғана карикатурасын көріп…
LP – Runaway, ұйқы қанық, бірдеме бастау керек.

21 comments 22.03.2009 ж.

Мёбиус лентасы

Тамақ ішкенде, астына тарелка орнына черновик қағаз қоятын әдетіміз бар. Соған принтерден екі жағына да басып шығарылған қағазды салып жіберіп едім, “бір жағы ғана бар қағаз салу керек” деген ескерту алдым.
Бөлім болып жиналып ақылдаса отырып, тарелка орнына бір жағы ғана бар арнайы қағазды – Мёбиус лентасын қолдануға шешім қабылдадық. Өте ыңғайлы болар деген ойдамыз.

4 comments 19.03.2009 ж.

Сізге өтірік, маған шын…

Көзім бақырайып, дос баламды ертіп келдім, осы қызықты көрсетейін деп. Сенбесеңіздер, соның қолхаты бар, қол қойдырып жазып алдым, “Руслан шынымен де ұтты, бұл фотошоп емес” деген жазуы бар. Фотошоп емес, честное пионерское.

d0b1d0b5d0b7d18bd0bcd18fd0bdd0bdd18bd0b9

13 comments 04.03.2009 ж.

Алғашқы қарлығаш.

Бір жылдан соң келді үшбу хат. Авторлық құқықтарды алға тартады…
Сайтты жабуға тура келер. Өз бақылауына алғысы келетін (мені емес, тьфу-тьфу! Сайтты айтам!) жан болса, хабарлассын ((((…
Ренжімессіңдер деп ойлаймын.

6 comments 26.01.2009 ж.

Желі

Желі тартуға тапсырма келген мана. Барлық компьютерлерді серверге қосып болып, араларындағы пингтерді тексеріп, барлығын реттеп болғасын қарасам – екі метр провод артық қалыпты. Олай тексердік, бұлай тексердім, – артық… Үйге алып кетем-ау, шамасы.
ЗЫ. Фотошоп емес. Гимп те емес (гимппен тек қиып алдым)…

untitled1

2 comments 11.12.2008 ж.

Мюзиклдің кайпі неде?

Айтатын әндерінде емес пе?
“Опера фантомын” жіберді кеше бір бұтақбастар, Қазақстан не Хабар болуы керек. Нағыз ұнайтын жері ана қыздың сол Фантоммен бірге қайықта келе жатып әндететін жері бар ғой, екеуі қосылып, сол еді. Соны бер жағынан “мәнерлеп оқып” қазақша аударма жасағанын көргенде бар ғой, құсқым келіп кетті, не керек солай жасаудың?
Әне, орыстарды қара, мюзиклдерді субтитрмен шығарады. Ай нәгөйлер-ай. :( ((((((((((((((((((((((((((

8 comments 30.10.2008 ж.

“Қуған профессор”

Орысшасы “Бред профессора”, аудара алмадым. Кез-келген қарапайым мақалды алып, сондағы әрбір сөзді қиындатып жібереміз де, барлығын қайта жазып шығамыз. Ойнаушы адам бастапқы мақалды не мәтелді табуы керек (ВАК құрамындағы журналға шығып қаламын ба деген үміт қой, жай ғана).

Сонымен:

1-заң. Көлік құралы болып қолданылатын екі жүзу құралының артқы жағын ұстаған индивид – түссіз, иіссіз мөлдір сұйықтық болып табылатын, сұйық агрегаттық күйдегі сутегі оксидінің ішіне кетеді.
2-заң. Құдайдың еркін орындайтын, қабілет-мүмкіндіктері қарапайым адамнан біршама жоғары болып табылатын рухани мақұлық элементтердің периодтық жүйесіндегі 79-шы элементті көріп, көлік құралдары жүруге арналған жер бөлігіндегі өзінің траекториясын өзгертіпті.
3-заң. Жануарлардың және адамда болатын, толқын ұзындығы жарық сәулесінің диапазонында болатын электромагнитті сәулелерді қабылдап, ажырата алатын сенсорлы орган потенциалды шабуылдық қасиеттері бар әрекеттерге қарсы төтеп беру тұрғысында пессимисттік көзқарасы шоғырланған* болса, адамның және кейбір жануарлардың еңбек етуге арналған мүшесі ықтималдық теориясы бойынша негатив әсерлерге, шабуылдарға, күрделі есептерге қарсы оптимисттік реакциялар негізі бойынша қимыл көрсететін және позитив нәтиже алушы болып табылады.

Осылай жалғаса береді. Осы үшеуінің жауаптарын жазып көр, еріккен кезде мен де тағы жазармын.

ЗЫ. Ал сен қандай заң шығардың?

*Ескерту – қарамен жазылған сөздер өте қарапайым болғандықтан (жалығып кеткеннің әсері ғой :) ), Аршаттың ұсынысы бойынша өзгертіліп енгізілген (рахмет, енді шынымен қиындады :) ) анықтамалар.

24 comments 06.10.2008 ж.

Корчеватель

http://www.scientific.ru/trv/2008/013/korchevatel.html

Корчеватель туралы терең мағыналы мақала. Бір оқып шығып, авторына үлкен құрметпен қарай бастауыңыз мүмкін, қандай ғұлама адам, “қандай қандай қиын сөздерді пайдаланатын адам өзі?” деп. Асықпаңыз.

Ғылыми журналда басылғанын бәрі күлкі етіп айтып жүр екен, мен де қалыспайын дедім. Күлкілі жері – мақала авторы адам емес, компьютер! Американың бір институтының студенттері ерігіп отырып, мағынасыз сөздерден мақала құрастыратын бағдарлама жазып, соның нәтижесінде шыққан мақаланы жаңағы журналға бір лақап атты пайдалана отырып, жазып жіберген, журнал болса – баса салған! :)
Ғалым болу қандай оңай, а? Керемет.

7 comments 04.10.2008 ж.

Previous Posts


Соңғы пікірлер

12aikon1986 Парашют адресінде
tarazkyzy Парашют адресінде
бұрынғы Айко :) Парашют адресінде
Баян Парашют адресінде
Ansar Парашют адресінде
Aina meken Парашют адресінде
urimtal Парашют адресінде
saken Парашют адресінде
Альмира Парашют адресінде
Альмира Файлды жылдам жүктеу адресінде
elvira Файлды жылдам жүктеу адресінде
Ақзере Файлды жылдам жүктеу адресінде
Gar Файлды жылдам жүктеу адресінде
Альмира Мен туралы сіз білмейтін бес… адресінде
Жәй… Эстафета… Жәй эстафета адресінде