Posts filed under 'Еріккен ойлар'
Океания футбол конфедерациясы
1966-жылы Австралия, Жаңа Зеландия және Фиджи бірігіп құрған конфедерация, 1996-жылы толыққанды конфедерация статусын алып, ФИФАның комитетінде өз орнын алған.
Мүшелері және олардың ФИФА рейтингіндегі орындары:
Америкалық Самоа – 201
Вануату – 146
Кук аралдары – 201
Жаңа Каледония – 131
Жаңа Зеландия – 82
Папуа-Жаңа Гвинея – 201
Самоа – 176
Соломон аралдары – 163
Таити – 190
Тонга – 190
Фиджи – 106
Ал біз – 133-ші орындамыз.
Не ғой… Осы жаққа зытып кетсек қайтеді? Фиджи мен Жаңа Зеландиядан өте алсақ болды, Қазақстан құрамасы топта бірінші орын ала алса, – КОНМЕБОЛ-дың бесінші командасымен кездесеміз. Сөйтіп технично әлем біріншілігіне шығып кетсек, а? Австралия Азияға кетті ғой, енді біздің ұтуға шансымыз көбейді. Ең болмағанда, топтық ойындарда Тонганы ұтып мәз болып отырмаймыз ба…
Саяси бір мықты сылтау тапсақ болды, 1990-жылғы Израиль құсап, осы конфедерация құшағынан бір-ақ шығамыз.
5 comments 16.06.2009 ж.
111
“Сто одиннадцать одна”.
Қалай шатасқаныма әлі басым жетер емес. Мырсылдап күліп отырмын, қайтейін енді. Ұят болды )
9 comments 15.01.2009 ж.
Бірліктер
Әлеуметтік желі деген де қызық зат. Админдері ақша табудың жарнамадан басқа жолына қызықса – ол тіптен қорқынышты.
Әлеміме “көрінбей келіп-кететіндерді” түсінбеймін. Жыным да келмейді оларға, маған не, бәрібір ғой. СМС сенен кетіп жатыр, баланс сенде азайып жатыр. Бір жағына ғана жарық өткізетін әйнектің арғы жағында тұрған адамдыкіндей моральдық ләззат алғың келсе, – ол да өз құқығың, өз шешімің.
Көбейіңкіресеңдер, ертең нағыз қызық аукцион да басталып қалар. Сен менің әлеміме көрінбей келіп кеттің. Ал мен сенің кім екеніңді білгім келіп, қызығушылығым артып бара жатыр (жалпы, негізі – пох…) делік. Мен сенікінен көбірек баланс толтырам да, СМС жіберіп алты жүз бірлігімді құрбан қылып, сенің пәленшенің түгеншесі екеніңді біліп алам. Бір апта минуста жүрейін, есесіне сенің кім екеніңді біліп алдым.Ооо, кереметін-ай десеңші!
Жо-жоқ, бұлай болмайды… Мен сенің кім екеніңді бәрібір біліп алатын болсам, онда сен неғып жүрсің ақшаңды желге шашып? Сен онда ананың тоғыз жүзін құртып, бес сантиметрлік броня саласың, солай ма?
О! Идея!
Деңгейлерді енгіземіз. Сен пацак, мен пацак, екі мыңға чатлан боласың, он мыңды бухгалтерге берсең эцилоп, админге берсең – ПЖ қылады, ок? Пацак чатланның өмірін қарай алмайды.
Тьфу не боп кетті өзі…
10 comments 08.01.2009 ж.
Рәсім
Тәуелсіз жас еліміздің үздік елу елдің қатарына кіруіне лауазымды тұлғалармен қатар, қарапайым халық, соның ішінде жастар, қолдарынан келгенше атсалысып жатыр. Қазіргі кризис жағдайында ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөлінетіні белгілі. НұрОтан партиясының мүшелері де заман ағымынан құр қалмай, ауыл тұрғындарына және олардың шаруашылығына көмектесуде. Бұл туралы ауыл тұрғыны А.-ның қорасындағы қиларды аударыстыру рәсімі кезінде НұрОтан партиясының мүшесі, ауыл тұрғыны Руслан мәлімдеді. Асар партиясы құрамына алғашқылардың бірі болып кіріп, кейіннен НұрОтан партиясының бағдарламасын оқып, ұстанған бағытына сенімдік білдіріп, осы партия мүшелігіне өткен Русланның өзіне сөз берелік:
- Жалпы, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын. Қала жастарына ара-тұра осындай физикалық жұмыс жасап, қора исі арқылы бұрынғы заман атмосферасын қайта сезініп, сергіп жүрулеріне кеңес беремін. Бұл аударыс алғашқы болғанымен, соңғысы болмасына сенімім мол. Болашақта осы жерге жиі жиі келіп тұруды өзіме мақсат етіп қойдым, партияға өте ризамын…
Бұл жігіттің күбір араласқан шаң ішінен жылтылдап көрініп тұрған бетінен болашаққа деген нық сенім байқалады. Назар аударғандарыңызға рахмет.
4 comments 10.12.2008 ж.
Блиц
Медосмотрда жүрдім кеше.
- Ағай, мына кабинетке соңы кім екен?
- Ааа, білмеймін, мен емеспін, – дедім соткадан басымды көтеріп жіберіп. Қызарақтап күліп кете барды.
Сұраған кабинетін анықтап қарасам – гинекология екен…
***
Киноға барып, қарамастан қайтып келдік. 007 мен Мадагаскар екен, бәрінің жіберіп жатқаны. “Прощай, Гульсары” дегенді көргім келіп еді, Айтматовтың шығармасы бойынша жазылған. Ол киноны күніне бір рет – 16.40-та жібереді екен. Агенттің экранкасын өткенде көргенмін, жерге бес метр қалғанда парашюті ашылып, аман қалатын киноға… сенімім аз… деп жылы жауып қоя салсам қалай болады екен? Мадагаскарды Бәкеңнің, тойыст Сәкеңнің блогынан оқып алып, көргендей-ақ болдым. “Гүлсарыға” ең болмағанда кеше үлгерем бе деп едім, тағы бір маразматиктің кесірінен бір сағат кешігіп қалып, босқа қайтып келдім. Видеосы бар ма біреуде, көшіріп алайықшы, а?
***
Күні бойы кезекте отыратын адам үшін соткамен кітап оқу – жақсы нәрсе екен. Босқа күтпейсің, уақытың жылдамырақ өтеді дегендей. Қазір сотканың шнурын тапқасын, оқып жатқан кітаптарымды салармын бір жерге.
10 comments 13.11.2008 ж.
Ов, Ев, Ова, Ева, Ин, Ина
АХАЖға бардым, жаңа адамды тіркетейін деп, қолда аға-жеңешемнің паспорты, тағы бір қағаздар…
“Ов пен Евтер қазір жоқ. Тегі-лер бұрында болған, бірақ қазір қолданбайды, тек атасының немесе әкесінің атын жұрнақсыз жазамыз” деді спортсменка/комсомолка/красавица.
Солай толтырып жібердім сосын, Асан Сағадат Асанұлы қылып, амалсыз.
Үйдегі баспасөз мәслихатынан соң, бұйырса ертең өзгертпекпін, Сағадат Асанұлы қылып.
12 comments 06.11.2008 ж.
