PPModd

17.05.2009 ж.

Алдыңғы тақырыптардың жалғасы ғой.
Телефонға қазақша әріптерді оқытып қана қоймай, оның интерфейсін өзгертіп, ішіндегі “сообщения”, “приложения” деген сияқты қассақша емес сөздерді азайтқыңыз келсе, онда PPMOdd қолданыңыз. Инструкциясы мында

Бұл да ППМ өңдеуші бағдарлама, бірақ PPMEditor-дан жақсы жері – бұл бағдарлама көмегімен мәтіндік ресурстарды өңдеуге болады. Сосын, жүйеде Тілмаштың файлдары қондырылған болса, онда қиналмай, PPModd көмегімен қажетті тілді XML-форматқа ауыстырып, оны аударып, сосын қайтадан ППМ-ға импорттау мүмкіндігі бар.

Орыс тілін XML-форматқа экспорттап, барлық жерін “қазақша” деп өзгертіп, қайта салсаңыз, телефонға патч жасағаннан соң, телефонда бір ағылшын тілі және екі орыс тілі болады да, интерфейс өзгермейді. Неге? Білмеймін :) ))) Сондықтан, ыңғайлысы, өзіңіз қолданбайтын бір тілді алып, соны экспорттап барып, аудару. Мысалы, болгар немесе венгр тілі.

Мынау – болгар тілінен қазақшаға аударылған телефонның скриншоты (мағынасына мән бермей-ақ қойыңдар, қазақшаға аудару мүмкіндігі бар екендігін көрсеткім келгені, бар болғаны сол):

123456

Entry Filed under: Ұялы телефон. .

9 Comments Add your own

  • 1. ittirlik  |  20.05.2009 ж. at 11 сағат 06 минут

    Құдай ақыңды берсін: сенікі коммуникатор ма сонда?

    Жауап
  • 2. ruslannnn  |  20.05.2009 ж. at 12 сағат 59 минут

    Жоға, кәдімгі 6300, экраны сынық.

    Жауап
  • 3. Нартайлақ  |  21.05.2009 ж. at 21 сағат 28 минут

    Тек 6300 ге ғана ма не?

    Жауап
  • 4. ruslannnn  |  21.05.2009 ж. at 22 сағат 24 минут

    Жоқ, комппен байланыса алатын ұялының барлығында болады-ау деймін. 6300-ден бергілері, сосын смартфондар, мысалы. Тексеріп көрмеппін. Өзіңдікін іздеп көрсеңші.

    Жауап
  • 5. Дарынсыз блоггер  |  29.05.2009 ж. at 16 сағат 37 минут

    Тексеріп көру керек екен.

    Жауап
  • 6. арғын қыз  |  15.06.2009 ж. at 11 сағат 16 минут

    ең алғаш ұстаған LG-ім қазақша болатын. Аудармасынан адам шошитын. Қысқасы ұнамады.

    Жауап
  • 7. urimtal  |  30.06.2009 ж. at 22 сағат 23 минут

    Асықпай тағы бір оқып шықпасам, бір оқығаннан түсінгенім:
    1 ішіндегі сөздерді ғана қазақшалауға болады
    2 ол үшін бір тілді алып тастап, соның орнына енгізу керек
    3 қалтафонның компқа жалғана алуы шарт
    Сұрақ: sms қазақша жіберуге бола ма?

    Жауап
  • 8. Қазақша PPM « Русланнннның блогы :)  |  07.07.2009 ж. at 16 сағат 19 минут

    [...] ж. Келесі қадам – интерфейсті қазақшалау. PPModd көмегімен қажетті XML-файлды шығарып алдық делік, енді [...]

    Жауап
  • 9. ruslannnn  |  07.07.2009 ж. at 16 сағат 27 минут

    “1 ішіндегі сөздерді ғана қазақшалауға болады”
    Сұраққа түсінбедім.
    “2 ол үшін бір тілді алып тастап, соның орнына енгізу керек”
    Әзір тапқаным осы :) Енді таза қазақ тілін қалай қосуды ойлап қарау керек :)
    “3 қалтафонның компқа жалғана алуы шарт”
    Әрине.

    Қазақша смс – әрине, жіберіледі.

    Жауап

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Соңғы пікірлер

tarazkyzy Парашют адресінде
бұрынғы Айко :) Парашют адресінде
Баян Парашют адресінде
Ansar Парашют адресінде
Aina meken Парашют адресінде
urimtal Парашют адресінде
saken Парашют адресінде
Альмира Парашют адресінде
Альмира Файлды жылдам жүктеу адресінде
elvira Файлды жылдам жүктеу адресінде
Ақзере Файлды жылдам жүктеу адресінде
Gar Файлды жылдам жүктеу адресінде
Альмира Мен туралы сіз білмейтін бес… адресінде
Жәй… Эстафета… Жәй эстафета адресінде
Ербол Phoenix адресінде