PPMEditor
13.05.2009 ж.
6300-дің шрифт, сурет, анимация, текст сияқты ресурстары *.ppm файлда сақталады. Менде ол файл “C:\Program Files\Nokia\Phoenix\Products\RM-217\rm217__07.21.ppm_i” адресі бойынша орналасқан. Бұл файлдағы ресурстарды өңдеу арқылы өз телефонымыздағы зықымызды шығарған анимацияларды ауыстырып қана қоймай, оған қазақ тілін қолдайтын шрифттерді салу арқылы қазақ тілін оқыта аламыз.
PPM-файлды PPM Editor бағдарламасымен өңдей аласыз. Инструкция мына жерде.

Инструкция бойынша жұмыс жасап, ППМ-файлды ашқан кезіңізде, PPMEditor бағдарламасының қасында “ExtractRes” бумасы құрылады да, соның ішінен өзіңізге қажетті ресурстарды алып, өңдей аласыз. Бірақ, бір ресурс орнына жаңа ресурс салған кезде есіңізде болсын – жаңадан салынған ресурс бұрынғы ресурстан көлемі кіші немесе тең болуы керек. Шрифттерді ерінбей FontLab-пен өзгертуіңізге болады, бірақ, ескертіп қояйын, мен оның стандартты Nokia Sans шрифтін өзгертіп (екі күн босқа кетті), оны ППМ-ға салып, прошивка жасағанымда, компьютерде қазақша әріптерді тым жақсы оқыған шрифт, телефонда дұрыс жасамай қалды: қазақша таңбалар басқаларынан бір жарым еседей үлкен, ерсі болып көрінді.
Сондықтан, Виртуалбоксқа Тілмаш қондырып, оның Arial (қазақшаны қолдайтын кез-келген шрифтті алуыңызға болады) шрифтісін FontLab-пен ашып, ішіндегі өзіме қажет емес таңбаларды (әрине, латын және кирилл әріптері, қазақ әріптері және жиі кездесетін таңбалардан басқа)жою арқылы ол шрифтінің көлемін біршама кішірейтіп аласыз да, осы кішірейтілген шрифт файлын PPMEditor арқылы ППМ-файлға саласыз.
Енді прошивка жасау керек. ППМ өзгерткен жағдайда, Phoenix-пен қарапайым прошивка емес, Phoenix Prommer Tool қолдана отырып жасайсыз. Инструкция http://www.art-iom.narod.ru/FAQ/prommer.htm адресінде бар.
Prommer Tool қолданған кезде, бірінші және екінші файлды көрсетсеңіз жеткілікті. Бірінші файл C:\Program Files\Nokia\Phoenix\Products\RM-217\ бумасында *.mcusw типімен жатса, екінші файл ретінде өзіңіз өзгерткен *.ppm файлды көрсетесіз.
Құттықтаймын, телефоныңыз қазақ тілін қолдайды. Енді ұялы телефонмен интернетке кіріп, сүйікті сайттарыңыздан қажетті ақпаратты қазақ тілінде оқи аласыз.
Ұялы телефонымның скриншоты (Опера мини):

Entry Filed under: Ұялы телефон. .
2 Comments Add your own
Leave a Comment
Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed
1.
technosyndrom | 14.05.2009 ж. at 08 сағат 01 минут
Осы сен бар ғой, тап мына сен… экспериментаторлық рухтың ұрығын сеуіп қойдың, енді қол (дұрыс, қол) қышып отыр, сотама ұрланып қарап қоям…
Сондықтан, Виртуалбоксқа Тілмаш қондырып, оның Arial (қазақшаны қолдайтын кез-келген шрифтті алуыңызға болады) шрифтісін FontLab-пен ашып, ішіндегі өзіме қажет емес таңбаларды (әрине, латын және кирилл әріптері, қазақ әріптері және жиі кездесетін таңбалардан басқа)жою арқылы ол шрифтінің көлемін біршама кішірейтіп аласыз да, осы кішірейтілген шрифт файлын PPMEditor арқылы ППМ-файлға саласыз.
Осы жерде түсініңкіремегенім, символдардың санын азайту арқылы…көлемін де кішірейтуге бола ма сонда?
Сосын, краш-тест сайт ретінде міндетті түрде соңғы бейнедегі сайтты қарау керек пе?
2.
ruslannnn | 14.05.2009 ж. at 08 сағат 17 минут
сотама ұрланып қарап қоям…
Сотам маған ұрланып қарап қояды. Бүгін оны шұқымаймын.
Осы жерде түсініңкіремегенім, символдардың санын азайту арқылы…көлемін де кішірейтуге бола ма сонда?
Таңбаның өзінің көлемін емес, әрине, шрифт файлының көлемін (байтпен өлшенеді) азайтуға болады дегенім ғой.
Сосын, краш-тест сайт ретінде міндетті түрде соңғы бейнедегі сайтты қарау керек пе?
Мынаны орындаған түрім ғой:
Міндетті емес, әрине
“…Енді ұялы телефонмен интернетке кіріп, сүйікті сайттарыңыздан қажетті ақпаратты қазақ тілінде оқи аласыз…”