Романтика
05.12.2008 ж.
Виртуалбоксқа Мандрива қойып, сол арқылы тексеріп жазып отырмын осы жазуды. Жалпы, әдемі, ұнады. „Гость„ пен „Хосттың„ арасын мост арқылы жалғап, кайп бов отырм. Романтика!
Пошта-мошта, анау-мынаудың бәрін осымен тексеріп келе жатырмын…
Ноут алып, ішіне осы жүйені қоям-ау деймін, жаңа зат әрқашанда таңсық қой. Әйтпесе, интернеттен алшақтап та кеткендейміз бе…
))
Entry Filed under: Компотыр туралы. .
4 Comments Add your own
Leave a Comment
Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <pre> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed
1.
arsenal777 | 06.12.2008 ж. at 15 сағат 11 минут
неоромантика)))
2.
Аршат деген | 08.12.2008 ж. at 22 сағат 15 минут
ал мен не істерімді білмей отырмын, Хостер.КЗ-тің 1 және 2-ші серверлері істемей тұр , сондағы бір проектімді аяқтай алмай отырмын… жұмыс тұрып қалды, тупо интернетте отырмын…
3.
akzere | 22.12.2008 ж. at 09 сағат 48 минут
Ақзере деген қиял қыздар романтика деген тақырыпқа жынды бір махаббат оқиғасын оқимын деп абайсызда кіріп кетіпті
4.
ruslannnn | 22.12.2008 ж. at 10 сағат 15 минут
Құрыды романтика… Бітті бәрі… Қиындық күтпеген жерден келді
(
Тегін бағдарламалық жабдықтардың болашағына деген нығайып келе жатқан сенімім, опенофис пен гимптің қыр-сырына терең бойлап үйренемін деген асқақ арманым экранға соғылып, тауы шағылды. Экран болғанда, анау-мынау емес, көк экран. Өлім экраны…
Енді кәдімгідей жұмыс жасау да мүмкін емес, сағат сайын көк экран.
Мүмкін саған жад жетпейтін болар?? Айтшы маған, ым білдірсең болды ғой, түсінер ем мен бәрін, қоймадағы ДДРдың біреуін әкеп саған әкеп салар ем, бәрі-бәрі, бәрі сенің қолыңда… Бәрі-бәрі, бәрі – Сенің қолыңда…
Өткенде қуаныштан кеудеме сыймай жүрген уақытта, байқамай сенің жаныңды, сенің қатты дискіңді жаралап алған болармын??… Тексерейін, қарсы емессің ғой, ә? Тексерейін, ия, бірақ бұл қиналған сәтіңді маған көрсетпеші, көрсеткің келмейтінін де түсінемін, көргім келмейтінін де білемін… Түскі асқа кетер уақытта тексеруге қойып кетермін, жақсы ма? Қайтып келгенде, алдымнан индикаторларың жарқырап, алдыңғы бақытты сәттерімдегі сияқты, отыз секундта жарқ етіп қосыла қалғаныңды көрейінші. Жадырап жүрші тек. Ауырмашы…