Archive for Тамыз, 2008

Жаңа сөздер

- Ты где купил эту одежду?
- В шопе!
- Ты знаешь… заметно…
(М.Задорнов)

- Өөй, біздегі ұрыларды қой, олардың жүрістері өтірік қой. Орыстарда “вор” дегендер бар, вот солар керемет, ұрылардан он есе қауіпті.
(біздің ауылдың бір жігіті)

Сізге қайсысы ыңғайлы?
Шоппинг – дүкен аралау.
Дайвинг – сүңгу.
Кар – машина, автомобиль, и т.д. и т.п. Жаңа сөздерді топырлатып енгізе берудің не қажеті бар? Басқалардың көзінде модно болып көрінгесін ба әлде? Онда кез-келген сөзді алайық та, ағылшын тіліне аударып жіберіп, сол күйінде айтсақ қалай болады?
Құрысын философиясы, мен дайнингімді хэвинг болып келейін, гудбай!

5 comments 31.08.2008 ж.

Невилл.

2000-да полуфиналда итальяндықтар голландтықтарды он адаммен жеңгені, Тольдоның бес пенальти тірегені есімнен кетпейді, неге екенін…
Мынау Фил Невилл, Эвертонның капитаны, Ливерпульмен былтыр болған ойындағы бір момент. Дұрыс жасаған. Капитансың ба, қолмен тіре, қызыл алсаң да, артыңнан келген қақпашы пенальти тіреуі мүмкін :) Бірақ, пенальтиді тірей алмай қалды қақпашы :( ((

Add comment 30.08.2008 ж.

:)

Әдемі очепятка шықты.

“НұрОтан” партиясының алға қойған бағдарламасынан тыс қала алмаймын.
деудің орнына
“НұрОтан” партиясының лаға қойған бағдарламасынан тыс қала алмаймын.
дедім. Ұзақ ойланып, ойланып барып, түзетіп жазайын деп шештім :)

3 comments 27.08.2008 ж.

ехх, спам :(

Алғаш рет Қазақстандық спам келген поштама. Бұларға да ауру жұққан екен деп, жыным келіп, бір жағынан ондайға басы жете бастағанына қуанарымды да білмей, біртүрлі болып қалғанмын. Ештеңені үлкейтпейді, ештеңені үйретпейді, еш жаққа демалысқа жібермейді, ақша да бермейді екен.

Содан бүгін кешірім сұрап отырған хат келді, спам қате арқылы кетіп қалды, енді олай жасамаймыз, “изменяемся перед вами” депті, “өзгеріс” әлде “кешірім” деп аударарымды білмедім.
Тағы бір хат келді, ішінде біреудің біреуге жазған кәдімгі хаты, резюме қыстырылған. Хмм… Түк түсінсем бұйырмасын… :(

7 comments 27.08.2008 ж.

Сауалнама

Сауалнаманың уиджетін таба алмай отырмын, шәйнек басым. Жауаптарыңызды осы жерге жазуға болады.

Қазақстан футбол құрамасы Англия футбол құрамасын футболдан ұта алады деп ойлайсыз ба?
А) Ия, сенемін.
Б) als ik niet denk dat ik niet zou coach.
В) Ерігесің.
Д) Мен тренер болсам, ұтар еді. Қазақ футболисттерін шығару керек, ұлттық намыс, жеңеміз бәрін, қырамыз, жоямыз, алғаааааа!!!! Қап, мен тренер болғанда…
Г) Экскремент сауалнама.

11 comments 22.08.2008 ж.

Еріккен жазба

Қазіргі кезде кең таралып кеткен байланыс тәсілдеріне ұқсас байланыс тәсілдерін бұрынғы кездерге апарып бытыстырып тастаса не болады екен деп ойлаймын кейде.

Ежелгі Египет, Тутанхамон мен Аменхотептің аськасы. Тарихи дәлдікке ұмтылмайын, бірақ смайликтерді тасымалдау тәсілі қызықтырады, қалай болғаны… Сөздерді не, сөздерді бір құл 35 км жүгіріп барып, Аменхотепке жетіп айтса, екінші құл, Аменхотептің жауабын Тутанхамонға жеткізеді. Смайликтер қиындау. Соңғы анекдотқа Тутанхамонның “күліп іші жарылғанын” шын ниетімен көрсеткісі келген құлды Аменхотеп дұрыс түсінбей қалып, өлім жазасына кесуі мүмкін. Роза гүлін сыйлап тұрған, немесе мылтықпен атып тастайтын мультикті жіберу – азаптың азабы, оны қалай жүзеге асыратынына менің фантазиям жетпейді.

Орта ғасырлар. Ханзада ханшайымға өз сезімін білдіріп, жазып жіберген хатына жауапты күтіп, күнде кешке қамалдың алдында, сырнай тартып отырады көңілсіз… Бір күн өтті, екі күн, сағыныштан сарғайған кезде, алыстанхат тасушы көгершін де ұшып жетті… Бір қызығы, өзі жіберген көгершінге ұқсамайды, ехх, жақсы, ештеңе етпес, ханшайым басқа протоколмен хат алмасқанды жақсы көретін болар… Хатты ашып оқыған ханзаданың көңілі одан бетер түсіп кетеді, себебі бұл хат – жай ғана спам болатын, “қылыш жасаймыз. Арзан” деген типтес мәтіндегі…

Ұйықтайын, мынау не то болып кетті. Қайырлы түн!

5 comments 21.08.2008 ж.

Плагиат түс

Керемет мағыналы бір түс көріп, енді оның не туралы екенін ұмытып қалып отырмын. Шытырман оқиғалы болатын. Сосын, оянған бойда, “Джеймс Чейздің “Дорожная историясына” өте ұқсайды екен, бұл туралы кітап жазсам қатып кетеді-ау” деп ойлағаным есімде. Тек Роджер Эйткен дегендер жоқ ішінде. Бірақ қырып-жойып жүргенім есімде.. Кімді? Не үшін? Сосын ана қыз қайда кетті? Ехх… :( ((

3 comments 19.08.2008 ж.

Аштықта жеген құйқа?

Дәмі кетпейді дейді ғой. Менде бар, жүз меганың жобасында, бір бума файлдар. Ішінде бірнеше өлең, азғана программа, сосын т.б. оқулықтар бар. Кезінде диалаппен 32 кбит/с-пен алғасын, көзіме жылы ұшырап тұрады-дағы, комптың ішінде қаншама копиясы қаңғып жүр.

Просто жүздеген мегабайттарды алып жатқасын, алған заттың құны аналардай қымбат болмайды екен :)

1 comment 18.08.2008 ж.

Ура! Ура! Ура!

Алғашқы алтындарыңыз құтты болсын! Молодец Илья!

4 comments 17.08.2008 ж.

Ай керемет

Ай керемет болып тұр. Дискінің шеті көрініп, жарқырап тұрғанымен, қалған бөлігі түгелдей қара емес, жарық қызыл болып… Суретке түсірейін десем, фотоаппарат жоқ :( Далаға шығып алып, жиырма минуттай қарап отырдым, жынды адам құсап.

5 comments 17.08.2008 ж.

Previous Posts


Соңғы пікірлер

tarazkyzy Парашют адресінде
бұрынғы Айко :) Парашют адресінде
Баян Парашют адресінде
Ansar Парашют адресінде
Aina meken Парашют адресінде
urimtal Парашют адресінде
saken Парашют адресінде
Альмира Парашют адресінде
Альмира Файлды жылдам жүктеу адресінде
elvira Файлды жылдам жүктеу адресінде
Ақзере Файлды жылдам жүктеу адресінде
Gar Файлды жылдам жүктеу адресінде
Альмира Мен туралы сіз білмейтін бес… адресінде
Жәй… Эстафета… Жәй эстафета адресінде
Ербол Phoenix адресінде