Archive for Шілде 28th, 2008
Домен
Оныншы сыныпта жүргенімде, тақтадағы сыныптасым сабақ айтып болғасын, апайымыз бізден сұраған, “сұрақтарың бар ма?” деп. Сонда ерігіп отырып, “com, net, org домендері қандай елде қолданылады?” деп сұрақ қойғанмын. “Барлық елдерде де қолданыла береді” деп жауап бергенде, “дұрыс емес, тек АҚШта” дедім (кітаптан оқығаным сол, қайдан білейін). Соны қазір ойлаймын да, өзім *ком, *неттерге тіркелген сайын ұялам…
Домендердің бұндай қитұрқы әрекеттерін көргеннен кейін, енді мені таң қалдыра алмассыздар деп ойлағанмын. Қателесіппін, таң қалып отырмын, шынымен де. ИКАННың адамдары пингвиндерге (?) арнап, *.bv доменін ашып қойыпты. Адам өмір сүрмейтін, Антарктидадағы Буве аралы туралы http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%83%D0%B2%D0%B5 адресінен оқи аласың.
ЗЫ. Монако, Ватикан, Дәруішөлген, Андорра, Сан-Марино сияқты мемлекеттердің де өз домендері бар ма екен?
3 comments 28.07.2008 ж.