Archive for Шілде 27th, 2008

Теңіз

Каникул… Отпуск… Демалыс… Жаныңа жағып кетті ма? Мә онда, тағы бір жылы сөз – Теңіз! :) Анекдот анекдот қой, бірақ теңізді жақсы көрем. Шешініп жіберіп, теңізге бабах!… тоесть бултых! дегендей… Рахат! Бұл, 14-15 мкр жақтарда. Ол жақта тас, сонысы ұнамайды, шынымен де “бабах!” болуың мүмкін, сәтсіз секіріп.. 1-ші мкр жақтағы Манилаға (өзіне емес, әрине, ар жағындағы солдатский пляжға) барып жүрмін. Асты құм жермен бірнеше метр жүзіп барып, су мойныңа келген уақытта, “хоп!” деп жіберіп, екі қолды алға жіберіп, төмен қарай сүңгіп кетесің. Он секунд бойы дем алмастан, теңіздің астында сүңгіп жүзіп, бір уақытта шықсаң, сыртта Тұрка тырқып тұр, “әй, не болды саған, суды шалпылдатып бетінде жүзіп жүрсің ғой, жаңа кірдің де, бірден атып шықтың” деп. Ұялып қаласың әрине, “он секунд” пен “теңіздің асты” өтірік екенін түсініп :( Дұрыс жүзіп білмеймін, күлме. Мына түріммен жақын арада мастер болармын деп сенемін :) Дапай, мен кеттім, бултых!

4 comments 27.07.2008 ж.


Соңғы пікірлер

tarazkyzy Парашют адресінде
бұрынғы Айко :) Парашют адресінде
Баян Парашют адресінде
Ansar Парашют адресінде
Aina meken Парашют адресінде
urimtal Парашют адресінде
saken Парашют адресінде
Альмира Парашют адресінде
Альмира Файлды жылдам жүктеу адресінде
elvira Файлды жылдам жүктеу адресінде
Ақзере Файлды жылдам жүктеу адресінде
Gar Файлды жылдам жүктеу адресінде
Альмира Мен туралы сіз білмейтін бес… адресінде
Жәй… Эстафета… Жәй эстафета адресінде
Ербол Phoenix адресінде