Бұл не қате?
30.05.2008 ж.
Бірінші рет Балғырғанның блогында байқағанмын. Бір бетке өткің келіп, сілтемесін бассаң, “404 - кешір быратан, таба алмай отырм” деп қате шығарып, ана бетті ашпайды. “Еее, блогты жаңа ашып жатыр, бірдеңесін бүлдіріп жүрген болды ғой” деп, қоя салғанмын… Содан кейін ашылған Ішпысқан блогаулында да осындай қате байқадым… “Қазақтарға не болған, блогты да дұрыстап аша алмай?” деп, ойланып қойееееп, жүре бергенмін..
Сөйтіп, бүгін Ақзеренің блогынан байқап, осы 404-ті, бұл бір эпидемия болды-ау деп, өз блогымдағы жазуларды тексеріп қарасам - бірде-біреуі ашылмайды..
Сосын, админ-панельге кіріп, “жазуларды басқару” деген жерден, жазулардың тақырыптарын өзгертіп (өзгерту деп басып, сол жазудың атын қайта қойып), сақтап, қайта кіріп қарасам - ашылып тұр…
Сіздерде де осындай қате шыға ма? Балғырғанның, Ішпысқанның немесе Ақзеренің бұрынғы жазуларына кіріп,тексеріп көріңізші, ашыла ма екен?
Ашылмаса, жазулардың сілтемесін өзгерту қажет болар.
Әлде браузерімнің қатесі ме екен? ![]()
Entry Filed under: Uncategorized. .
13 Comments Add your own
Leave a Comment
Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Trackback this post | Subscribe to the comments via RSS Feed
1.
akzere | 30.05.2008 ж. at 10 сағат 12 минут
Шығып тұр қате (жылап жатырм…
қазір көрейін ауыстырып…
2.
ruslannnn | 30.05.2008 ж. at 10 сағат 21 минут
Менің бұрынғы жазуларым ашылып тұр ма?
3.
akzere | 30.05.2008 ж. at 10 сағат 40 минут
Білмеймін, Русеке, шықпады че то…
4.
ruslannnn | 30.05.2008 ж. at 10 сағат 45 минут
Ақзере, менің бұрынғы жазуларым сенде ашылып тұр ма? Менде өзімнің жазуларым ашылатын болды, басқаларда да солай ма екен, білейін деп едім.
5.
Bakytgul Salykhova | 30.05.2008 ж. at 11 сағат 15 минут
Руслан, сіздің бұрынғы жазбаларыңыз менде жақсы ашылып тұр, ешқандай қате жоқ
6.
akzere | 30.05.2008 ж. at 11 сағат 17 минут
Менде де жақсы ашылып тұр… сенің жазбаларың…
7.
ruslannnn | 30.05.2008 ж. at 11 сағат 19 минут
Бақытгүл, рахмет, бұл өзгерткенім ғой. Енді, қиын болмаса, Ақзере.ворпресс.ком-дағы “Бақыт іздеу жолында” деген тақырыпқа кіріп, пікір жаза аласың ба? Менде ашылмай тұр.
Қате бар ма, жоқ па, біліп алайын дегенім ғой, сосын жөндеуге кірісеміз (егер бар болса)…
8.
ruslannnn | 30.05.2008 ж. at 11 сағат 30 минут
Енді былай істеп көр, Ақзере.
жазып, сол жердегі “Сақтау”-ды басып, сосын оң жақтағы “Сақтау”-ды тағы бір басып көр. Болғасын хабарын бер, қарап көрейік.
Жазуларды басқару бетіне барып, ашылмай тұрған бір жазуды (мысалы, Супер Марио туралы) ашып, өңдеу бетіне барып көр.
Сосын http://img152.imageshack.us/img152/3997/26978692xj5.jpg суретінде көрсетілгендей етіп, сарымен тұрғанды жазуды басасың, сол жерде енгізу алаңы шығады, жазудың сілтемесін өзгертуге арналған. Соған жазудың тақырыбын (мысалы, “Супер Мариодан супер ойындарға дейін”
ЗЫ. Тәптіштеп кетсем, кешірім өтінемін
9.
Bakytgul Salykhova | 30.05.2008 ж. at 12 сағат 01 минут
Мен де осыны айтайын деп едім, жазба атауының астындағы Permalink-ті “түзету” деп басып ешнәрсе өзгертпей, қайтадан сақтауды бастым, сонан кейін бетті сақтадым, бәрі дұрыс ашылады екен.
10.
Bakytgul Salykhova | 30.05.2008 ж. at 12 сағат 06 минут
Ақзеренің блогындағы “Бақыт іздеу жолында…”-дан бастан “60 секундта біліңіз” дегенге дейін ашылмай тұр. Соңғы екеуі дұрыс ашылып тұр
11.
Махаббат | 30.05.2008 ж. at 12 сағат 44 минут
басе 2-3 куннен бері аша алмай жур едім..
Балғырғанның блогы да ашылмайды,мынандай создер шыгып тур..
“Кешірім өтінеміз, сіздің сұранысыңызға сәйкес жазбалар табылмады.”
12.
Bakytgul Salykhova | 30.05.2008 ж. at 14 сағат 13 минут
Жанарбектің кеңесі: Blogynda 404 kate korgender tomengei siltmege kirip otinish kaldyrsa deimin http://wordpress.com/contact-support/
Eger sizding blogyngyzda ali 404 kate bar bolsa support@wordpress.com mail adresine xabarlasyngyz. Jondep beredi.
13.
balgyrgan | 03.06.2008 ж. at 11 сағат 58 минут
а? менде басында болған ия, қазір жоқ сияқты ия