Archive for Мамыр 30th, 2008

Бұл не қате?

Бірінші рет Балғырғанның блогында байқағанмын. Бір бетке өткің келіп, сілтемесін бассаң, “404 - кешір быратан, таба алмай отырм” деп қате шығарып, ана бетті ашпайды. “Еее, блогты жаңа ашып жатыр, бірдеңесін бүлдіріп жүрген болды ғой” деп, қоя салғанмын… Содан кейін ашылған Ішпысқан блогаулында да осындай қате байқадым… “Қазақтарға не болған, блогты да дұрыстап аша алмай?” деп, ойланып қойееееп, жүре бергенмін..

Сөйтіп, бүгін Ақзеренің блогынан байқап, осы 404-ті, бұл бір эпидемия болды-ау деп, өз блогымдағы жазуларды тексеріп қарасам - бірде-біреуі ашылмайды.. :(

Сосын, админ-панельге кіріп, “жазуларды басқару” деген жерден, жазулардың тақырыптарын өзгертіп (өзгерту деп басып, сол жазудың атын қайта қойып), сақтап, қайта кіріп қарасам  - ашылып тұр…

Сіздерде де осындай қате шыға ма? Балғырғанның, Ішпысқанның немесе Ақзеренің бұрынғы жазуларына кіріп,тексеріп көріңізші, ашыла ма екен?

Ашылмаса, жазулардың сілтемесін өзгерту қажет болар.

Әлде браузерімнің қатесі ме екен? :)


13 comments 30.05.2008 ж.


Соңғы пікірлер

akzere Плагиат түс адресінде
Айко Ура! Ура! Ура! адресінде
Айко Ай керемет адресінде
akzere Ура! Ура! Ура! адресінде
akzere Ай керемет адресінде

Күнтізбе

Мамыр 2008
M T W T F S S
« Apr   Jun »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Сілтемелер

Соңғы жазулар