Ұйқы туралы

06.05.2008 ж.

Үш арсыздың бірі - ұйқы…
Ертең таңға дейінгі жауым осы ұйқы болып отыр. Жаумен күресу үшін, ол туралы толық мәліметке ие болған дұрыс, әрине. Осы оймен орыс википедиясына кіріп, ұйқы туралы оқып қарадым:
“Сон — естественный физиологический процесс пребывания в состоянии с минимальным уровнем активного сознания и пониженной реакцией на окружающий мир, присущий млекопитающим, птицам, рыбам и некоторым другим животным, а также насекомым (например, дрозофилам).”
Хммм, дрозофиллдер, қандай бақыттысыңдар, дыммен шаруаларың жоқ… Ұйқыларың келсе, ұйықтайсыңдар, ұйқыларың келмесе, ұйықтамайсыңдар. Ренжімеңдер, сендерге ұқсағыларым келмегеннен емес, басқа бір шаруаларым болып қалып жатыр…
Жатақханада бұндай емес еді, дым шаруа жоқ болса да, ұйқым ауысып кеткен, түн ортасында ұйықтайтынмын. Қазір, таңертең сегізде жұлқылап тұрғызып алатын болғасын, түні бойы жүруге шама жоқ, он екі - бірлерде төсекке жатсам болды, “азғана уақыттан кейін” жұлқылап оятып жатады, сағатқа қарасам - сегіз…
Таңға дейін көрейін, бірдеме қылып )))) Ертең көзім қызарып, зомби болып жүре ме екенмін, қалай болар екен, ә?

Entry Filed under: Uncategorized. .

15 Comments Add your own

  • 1. akzere  |  07.05.2008 ж. at 09 сағат 26 минут

    Бәріміз де сол… Бұрындары досыммен түнгі сағат 3-4-ке дейін телефонмен сөйлесіп, таңертең 8-де тұрып жұмысқа келетінмін. Недеген азап десеңші, бірақ бәрібір сондай бақытты болатынмын… :-)
    Ал қазір 12-лерде жатып қаламын. Кеш жатсам жұмыста зомби болып жүретінім анық… жастық шақ өтіп барад…

  • 2. ruslannnn  |  07.05.2008 ж. at 13 сағат 46 минут

    Осы жазба жазылған кезде ресми түрде жарияланған “айқас” түнгі сағат төрттен отыз екі минут кеткенде менің капитуляция жасауыммен аяқталды. Қазір өзімді зомби сезініп жүрген жоқпын, шүкір :)

  • 3. arsenal777  |  07.05.2008 ж. at 22 сағат 49 минут

    бір күні(түні) монитордан басымды алып, ұйықтайын дегенде терезеге қарадым, таң атқан екен :)))

  • 4. technosyndrom  |  11.05.2008 ж. at 01 сағат 58 минут

    Дрозоффил әрине бақытты, алайда жылқылар мен пілдер адамдарға сенің дрозоффилдерге қызыққаның сияқты қарайтын шығар. Дегенмен төрт аяқтап тұрып ұйықтау - біздікіне қарағанда азап қой :) :) :)

  • 5. Balgyrgan  |  12.05.2008 ж. at 11 сағат 28 минут

    кеше жатарда сіңліп шықпай жатқан бір есебін қарап беруін сұраған еді… түсімде соны көрдім … бір оянып қарасам 3 екен, түсімде сандар кіріп қоймаған соң тағы оянып кеттім, қарасам 5 екен … содан 7-де “тұр дим тұр тағы қаласың жұмысыңнан” деген оятпаса тұрмас едім …
    былай: (сөзбе сөз жеткізе алмаймын) үш таңбалы санның соңғы саны 3, егер сол санды керісінше қоятын болса, ол сан бұрынғы саннан үш есе артық және 1-ге артық болады. Сол санды табыңыз.
    Жауабы жазылған, бірақ қалай табатынын БІЛМЕЙМІН

  • 6. ruslannnn  |  12.05.2008 ж. at 13 сағат 15 минут

    Balgyrgan, сөзбе-сөз жеткізіп көрші, мынаны түсінбедім, ұйықтай алмай қалармын тағы.
    Егер соңы 3-тен аяқталатын үш таңбалы санды 3-ке көбейтіп, оған бір қосса, сол санның керісінше жазылған түрі шығу керек қой, солай ма? Бұл шарт дұрыс емес, себебі, соңы 3 болып аяқталатын санды үшке көбейтіп, бір қоссақ, шыққан санның соңғы цифры 0-ге тең болады, яғни, бастапқы сан 3 таңбалы болмай қалады :(
    Әлде, санды теріс айналдырып, соңына 1-цифрын жалғаймыз ба? Бұл шартты қарап көрейін қазір…

  • 7. bakytnur  |  12.05.2008 ж. at 13 сағат 54 минут

    Baldyrgan tagy bir aita salasyn ba, men de jazyp kordim, Birak shikpady.

    Negizi 2 tanbaly sandy

    100x+10y+z dep belgileimiz. Al z=3
    sonda
    3*(100x+10y+3)+1=3*100+10y+x

    300x+30y+10=300+10y+x

    299x+20y = 290 x,y sandary naturak san bolgandyktan jauaby jok :(

    Men alde beriluin tusinbedim?

  • 8. ruslannnn  |  12.05.2008 ж. at 14 сағат 01 минут

    Бақытнұр, бұл формуламен мен де бастағанмын, осы жерге тірелдім. Енді осы шартпен, 6-шы пікірді оқып қара, яғни, біз шартты дұрыс түсінбей отырмыз, мына жағдайда есептің мағынасы жоқ. Есептің шартын күтеміз-дағы…

  • 9. bakytnur  |  12.05.2008 ж. at 15 сағат 17 минут

    iya!!! al jauaby bar dedi goi.. Sol kalai eken ozi?

  • 10. Balgyrgan  |  12.05.2008 ж. at 17 сағат 13 минут

    былай болуы керек сиякты
    100*х+10*у+z - берілген сан

    100*z+10*y+x=3*(100*x+10*y+z)+1

    и чито?! екі белгісізі бар бір-ақ теңдеу …
    Жарайды ертең тошнысын айтамын

  • 11. ruslannnn  |  12.05.2008 ж. at 17 сағат 22 минут

    Ок, күтеміз.
    и чито?! екі белгісізі бар бір-ақ теңдеу …
    Бірақ, Бәкең айтқандай, ол екі белгісіз де 0 мен 9 арасындағы натурал сан болмай тұр ғой, болса, чито-дрито есеп шешілер еді.

  • 12. Balgyrgan  |  13.05.2008 ж. at 09 сағат 11 минут

    Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда үш еселенген санның 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болады. Осы санды табыңыз.
    (сөзбе сөз)

  • 13. Русланннн  |  13.05.2008 ж. at 10 сағат 25 минут

    103 жане 310.
    3*(100х+10у+3)+1=300+10х+у
    осы тендикти шешсениз, жогарыдагы жауап шыгады :)

  • 14. Balgyrgan  |  13.05.2008 ж. at 13 сағат 12 минут

    есепті жабық деп жариялаймыз :)

  • 15. bakytnur  |  16.05.2008 ж. at 11 сағат 32 минут

    Kelesi esebindi kutemiz… Kommentte esep sheship jyrgaityn bldyk ko

Leave a Comment

Required

Required, hidden

Some HTML allowed:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Trackback this post  |  Subscribe to the comments via RSS Feed


Соңғы пікірлер

akzere Плагиат түс адресінде
Айко Ура! Ура! Ура! адресінде
Айко Ай керемет адресінде
akzere Ура! Ура! Ура! адресінде
akzere Ай керемет адресінде

Күнтізбе

Мамыр 2008
M T W T F S S
« Apr   Jun »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Сілтемелер

Соңғы жазулар