Archive for Мамыр, 2008
Бұл не қате?
Бірінші рет Балғырғанның блогында байқағанмын. Бір бетке өткің келіп, сілтемесін бассаң, “404 - кешір быратан, таба алмай отырм” деп қате шығарып, ана бетті ашпайды. “Еее, блогты жаңа ашып жатыр, бірдеңесін бүлдіріп жүрген болды ғой” деп, қоя салғанмын… Содан кейін ашылған Ішпысқан блогаулында да осындай қате байқадым… “Қазақтарға не болған, блогты да дұрыстап аша алмай?” деп, ойланып қойееееп, жүре бергенмін..
Сөйтіп, бүгін Ақзеренің блогынан байқап, осы 404-ті, бұл бір эпидемия болды-ау деп, өз блогымдағы жазуларды тексеріп қарасам - бірде-біреуі ашылмайды..
Сосын, админ-панельге кіріп, “жазуларды басқару” деген жерден, жазулардың тақырыптарын өзгертіп (өзгерту деп басып, сол жазудың атын қайта қойып), сақтап, қайта кіріп қарасам - ашылып тұр…
Сіздерде де осындай қате шыға ма? Балғырғанның, Ішпысқанның немесе Ақзеренің бұрынғы жазуларына кіріп,тексеріп көріңізші, ашыла ма екен?
Ашылмаса, жазулардың сілтемесін өзгерту қажет болар.
Әлде браузерімнің қатесі ме екен? ![]()
13 comments 30.05.2008 ж.
Ең жақсы антивирус
“Көзімді ашқанда” көргенім Касперский антивирусы еді. Керемет антивирус, көріп-білмеген вирусыңды тауып береді. Бұл антивирустың кереметтігіне тағы да бір көз жеткізіп отырмын - бір компьютердегі hal.dll файлын жойып тастапты ![]()
Виндоусқа арналған антивирус. Виндоус дұрыс жұмыс жасау үшін. Виндоустың ядросын жойып тастаған.
Пайдаланушы аман болсын деген тілегі шығар, Евгений көкеміздің…
Бұдан кейін Касперский антивирусы басқалардан кем деп қайсың айта аласың?
6 comments 27.05.2008 ж.
Айыпқа бұйырмаңыздар
Екі аптадай блогтан жоғалып кеттім, судокуден қол тимей жатыр. Орташа деңгейдегі 15-ші ойынға жеттім, енді бар болғаны 85-і қалды. Кейінірек хабарласам.
4 comments 27.05.2008 ж.
“Ақшаның иелері”
Менікі терең журналисттік зерттеу де, ұзақ жылдар бойғы архивтерді ақтару нәтижесі де емес. Жай ғана бір ой, менде жаңа ғана туындап отыр, былайынша, көп жерде айтыла-айтыла жауыр болған тақырып болуы керек.
Ақша (банкноттар, тиындар) шығару туралы айтып отырмын.
1995 жылы $380 миллиардов доллар банкноты айналымда болса, 2005 г. бұл көлем екі есеге $760 деңгейіне жеткен екен. Жыл сайын доллар банкнотасының жалпы құны 6.6 %-ке өсіп келе жатыр екен.
Сонда деймін, доллар шығаратын жер АҚШ-та, сол жерден 100 долларлық бір банкнот шығарған сайын АҚШ мемлекеті 100 долларға байи ма? Соған басым жетпей, интернеттен іздеп көрсем, бұны ойланып жүргендер де баршылық екен, кино түсіріп те тастаған екен.
Сахнада “The Money Masters” (”Ақша иелері”, 1996 жыл) деректі фильмі!… Америкостардың өздері түсірген екен, он екі жыл болса да, өз қызығын жоғалтпаған болар.
Шыдамсыздық танытып,
http://www.traditio.ru/index.php/%D5%EE%E7%FF%E5%E2%E0_%C4%E5%ED%E5%E3_%28%F4%E8%EB%FC%EC%29 адресі бойынша фильмде айтылатын ойларды оқып едім, тіпті шошып кеттім. Дачы.
Доллар банкнотын шығаруға толықтай құқығы бар жалғыз мекеме - Федералдық Резерв мекемесі жекеменшік мекеме болып табылады екен… Қанша шығарғысы келсе, сонша шығарады, бірақ айналымда бір банкнота көбейген сайын, соның құны түсетіні белгілі ғой? Банк жүйесі қалай пайда тауып жатқандығы туралы, және басқа да осындай-осындай махинацияларды әшкерелеп жазған екен, экономикадан хабарым жоқ мен де бірдеңе түсінгендей болып отырмын. Ана адрестегі мақаланы оқып көріңіздер, қызық.
ЗЫ. Киноны қарап көргендеріңіз бар ма? Қандай ой айтасыздар?
9 comments 12.05.2008 ж.
Ұйқы туралы
Үш арсыздың бірі - ұйқы…
Ертең таңға дейінгі жауым осы ұйқы болып отыр. Жаумен күресу үшін, ол туралы толық мәліметке ие болған дұрыс, әрине. Осы оймен орыс википедиясына кіріп, ұйқы туралы оқып қарадым:
“Сон — естественный физиологический процесс пребывания в состоянии с минимальным уровнем активного сознания и пониженной реакцией на окружающий мир, присущий млекопитающим, птицам, рыбам и некоторым другим животным, а также насекомым (например, дрозофилам).”
Хммм, дрозофиллдер, қандай бақыттысыңдар, дыммен шаруаларың жоқ… Ұйқыларың келсе, ұйықтайсыңдар, ұйқыларың келмесе, ұйықтамайсыңдар. Ренжімеңдер, сендерге ұқсағыларым келмегеннен емес, басқа бір шаруаларым болып қалып жатыр…
Жатақханада бұндай емес еді, дым шаруа жоқ болса да, ұйқым ауысып кеткен, түн ортасында ұйықтайтынмын. Қазір, таңертең сегізде жұлқылап тұрғызып алатын болғасын, түні бойы жүруге шама жоқ, он екі - бірлерде төсекке жатсам болды, “азғана уақыттан кейін” жұлқылап оятып жатады, сағатқа қарасам - сегіз…
Таңға дейін көрейін, бірдеме қылып )))) Ертең көзім қызарып, зомби болып жүре ме екенмін, қалай болар екен, ә?
15 comments 06.05.2008 ж.
Жұмыс столының фоны
Paint бағдарламасы көмегімен көлемі кішкентай, 2х2, 3х3 пиксел болатын сурет құрып, оның әр нүктесін әр түрлі түске толтыр. Сосын осы суретті жұмыс столының фоны ретінде көрсетіп, орналасуын “Растянуть” деп көр. Менде керемет фон шығады, сенде қалай?
5 comments 06.05.2008 ж.