Archive for Сәуір, 2008

Өзгеріс енгізсек қайтеді?

Сәлем! Бірдеңе өзгерту керек сияқты, қалай ойлайсың?
Бір сұрақ - блогқа қалай тап болдың? Бұл блог туралы әзір еш жерде жазбаған едім, сонда да тауып келіп отырсың. Әбден еріккенсің ғой, мен сияқты :)
Ерігу… Соңғы кезде өтірік бірдемелерді көп шұқитын болыппын. Қайдағы жоқ форумдарға кіріп, оффтоп жазып, тақырыптан айдалада лағып жүремін. Сол тақырыпқа қызығып, дұрыстап қатысушыларға бұл қызық болса екен, жоқ, оларға түк те қызық емес, және мен оларды түсінем. Бұның бәрі, әрине, жақсы емес.
Интернет ауруымен сен де ауырып отырсың, осы отырғанда, солай ғой? Түк қызығы жоқ тақырыптарды бір ашып, бір жауып, жаңа бірдеңе пайда болды ма екен деген оймен, уақытыңды босқа өткізіп отырсың ғой. Былай істейік. Өмірге азғана өзгерістер енгізейік. Алдағы өмір туралы ойланайық. Өзімізді-өзіміз алға сүйреп, дамымасақ болмас.
Неден бастаймыз дейсің бе? Ммм, мүмкін спорт жағына көңіл бөле бастағанымыз дұрыс болар, ә? Таңертең жүгірем ба деп отырмын, сен де сөйт, әйтпесе мына компотырдың алдында күні-түні отырғаннан денсаулығыңа зиян болмаса, пайда келмейтіні айдан анық.
Жалпы, ойлар бар негізі, бір-бірлеп жазып отырармын. Әр түрлі, өмір, бақыт, ғылым, білім, дін, т.с.с тақырыптар жөнінде… Әзір басыңды қатырмай-ақ қояйын, ертең жолығармыз. Сау бол!


10 comments 28.04.2008 ж.

Алғашқы жазу

Сәлем! Қош келдің! Блог ашып көрейін деген оймен осы вордпресске тіркеле қойып едім, ішінде қазақша интерфейс дайын күйінде тұр екен (15 минутта аударма жасауға болады деп еді, соған да еріндім ғой), соған тіркеліп алып, енді осы жерге, бұйырса, өзімнің ойыма келгенді жазам ба деген ойым бар. Блогтың не екенін көрейін, сен де көр (білетін шығарсың бірақ та) :)


8 comments 27.04.2008 ж.


Соңғы пікірлер

technosyndrom Сисадмин тура… адресінде
akzere Сисадмин тура… адресінде
mergen Сисадмин тура… адресінде
balgyrgan Сисадмин тура… адресінде
Тестер Сисадмин тура… адресінде

Күнтізбе

Сәуір 2008
M T W T F S S
    May »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Сілтемелер

Соңғы жазулар