*.XXX
Ал кеттік, xxx аймағынан алғашқы қазақ сайтын ашқыларың келмей ме?
ICANN *.xxx домендерін 2011-жылдан бастап ашпақ.
2 comments 25.06.2010 ж.
Связь
Қазақстан Республикасының Связь және Ақпарат министрлігі өзінің ресми сайтында басты менюіндегі Связь сөзін аударуға шамасы жетпепті ғой.
2 comments 08.06.2010 ж.
СМС-банкинг
Казкомның СМС-банкингі деген бәле болды, бір жыл болды.. Карточка аштырганыма бір жылдай болып еді, содан бері ай сайын тұрақты түрде телефон шалумен келеді. “Хоумбанкті қолданам, СМС-банкингті қолданудың қажеті жоқ маған” деп айтудан да шаршадым
Жап-жаңа телефон шалып отыр (бір номерден ғана соғады, ол номерін “КазкомСМСБанкинг Керек емес” деп контактілерге қосып та қойғанмын). Соңғы төрт*бес сөйлесуіміз бір сценариймен өтеді.
- Алло, сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе, Сіз шамасы Казкоммерцбанктан боларсыз?
- Ия, Сіз біздің банктің сенімді…
- Шамасы, Казкоммерцбанктің су жаңа СМС-банкинг қызметін ұсынғыңыз келіп отырған болар маған?
…үнсіздік…
- Ия, Сіз сонда…
- Ия, рахмет, қолданғым келмейді, хоумбанк жарайды әзірге, сау болыңыз!
Осымен әңгіме бітеді. Түсінбейтінім – бас тартқан адамдардың тізімін жазып алып отырса болмас па екен?
“Ералаш”-та бар ғой, “Дяденька, это ваша собака?” деп бір кісінің зықысын шығаратын көзілдірікті қыз, сол есіме түсіп отыр.. ))))
http://rutube.ru/tracks/1195333.html?v=6abef001a8c75bc7b1c7479ea7df94da
4 comments 17.04.2010 ж.
Баркемп, дәркемп
Бір блогшы екінші блогшыны қасына ертіп алып, үшінші блогшыны таба алмай сергелдеңге түсіріп жүр. Бірінші блогшының сұранысы бойынша төртінші блогшы бесінші блогшыға соғып, бесінші блогшы телефонды көтермегесін, төртінші блогшы алтыншы блогшыдан үшінші блогшының ұялы телефонын сұрап алыпты. Үшінші блогшының бұл телефоны өшіп жатқандықтан, ол блогшының екінші номерін таба алмай, төртінші блогшы алтыншы блогшыдан жетінші блогшының телефонын сұрап алып, оны екінші блогшыға хабарлапты (жетінші блогшының рұқсатынсыз). Көрермендердің емес, екінші блогшының өтініші бойынша жарияланып отыр.
16 comments 05.04.2010 ж.
:)
Адресте мыналарды теріп көріңіз:
пщщпдуюля
нфтвучюкг
кфьидукюк
цщквзкуыыюсщь
дшмфощгктфдюсщь
Мендегі Мозилла әдемі сайттарға ысырып жібереді, сіздерде ше?
4 comments 16.03.2010 ж.
3-D Secure
Мастеркардқа салып алдым. Рахат, енді карта біреудің қолына түсіп кетіп, ішіндегі миллион қолды болып кетеді деп қорықпаймын. Рахмет саған, Мастеркард!
6 comments 07.02.2010 ж.
Парашют
Виртуал өмірге паузаны бір басып қойып, Алматыға барып келдім. Бірінші рет баруым.
Байсеркедегі аэродромға барып келдік, парашютпен секіруге. Ыңғайлы уақытында келдім деп ойлаймын. Біріншіден, инструктор Митричтің 62-ге толған туған күні екен, мерекелік атмосфера барлық жерде сезіліп тұрды. Екіншіден, ауа райы жақсы – күн ашық, жылы, желсіз деуге де болады. Үшіншіден, маусымның аяқталар шағы болғасын, адам аз болды. Сондықтан, инструктор бізге көбірек көңіл бөлді. Үш сағат ауызша инструктаж, сосын жерде тұрған люктен секіру, 50, 100, 150, 200 см биіктіктерден секіру арқылы жерге дұрыс қонуға үйрену… Әйтеуір, барлығын тәптіштеп үйретіп жатқасын, өзімізге сенімді болдық.
Қорқыныш ұшқышпен танысқанда болды. Корей соғысына қатысқан ардагер ұшқыш бар екен араларында, сол туралы әңгіме болғанда, дұрыс түсінбей, бізді аспанға алып шығатын ұшқыш осы екен деп ойлап қалыппын. Жасы кемінде жетпістен асқан қартты көргенде, көз жүз теңгелік тиыннан кем болмады. Шүкір, ұшқыш басқа адам екен
)
Ол да инструктаж жасап, сосын ұшаққа отырғанда, артымыздан “тебетін” адам да барлық ақылдарын аямай, айтумен болды. Парашюттегі карабин ұшақтағы тросқа байланып тұрады, сондықтан, тек секіру керек, парашют автоматты түрде ашылады екен. ![]()
Шамамен шақырымдық биіктен секірдік. Үшеуміздің ішімізде салмағы ауыры мен болғасын, бірінші кеттім, ештеме ойлап үлгермей де қалдым, аспаннан бір шықтым. Қызық сезім екен, бір километрлік әйнек күмбез салып, соған төбесіне электр шамы сияқты іліп қойғандай.. Инструктордың кеңесі еске түсіп, бір айналып, айналаны қарап алдым, әдемі көрінеді, сіздерге де қарағуа кеңес беремін
) Музыкалық сүйемелдеу – өз орындауымдағы Досмұқасанның әні болды. Тыңдарман психикасына зақым келтірмеу үшін әнді айналамда кемінде 500 метр жерде адам жоқ кезде айтатын едім, жаңағы моментті пайдаланып қалдым десе де болады. Әнді жылдам-жылдам айтып болып, жерге түсуге дайындалдым. Қанша тәптіштеп үйретті дегенімен, жерге түскенде, оң аяғым қатты ауырып кетіп, инструкторды бір боқтадым айқайлап (шүкір, жақын маңда адам жоқ еді). Аман-сау екеніме көз жеткесін, тағы да бір боқтадым, ішіне мүмкіндігінше алғыс толтыруға тырысып.. Кхм, кешірім өтінемін.
) Тұрсам, жанкүйерім ғарышкерді қарсы алғандай жүгіріп келеді екен
)
Өзіміз секіріп болғасын, спортсмендердің секіргендерін тамашалап, сол жерде біршама уақыт болдық. Туған күніне байланысты, Митричтің өзі де шәкірттерімен бірге секірді, біраз биіктен.
Очм, бар, көр, бір рет болса да, секіріп. Жаңбыр жауса, – маусым жабылады, келесі жазда, күн жылығасын бастайды секіріп. Байсерке (Дмитриевка) ауылына баратын 42-ші автобуспен Байсерке бағытына бара жатып, жолда Байсерке аэродромы бағытына бұрылыстан түсіп қалып, бір шақырымдай жаяу жүрсең табасың. Парашютпен секіргің келсе ерте барасың, инструктаж шамамен 8-30 дан 12-лерге дейін болады, ал басқа уақытта барсаң, ұшаққа отырып ұшуға болады.
13 comments 06.11.2009 ж.
Файлды жылдам жүктеу
Руслан (16:55) :
компты коскан уакытта, кайта жалгастырады
****** (16:55) :
ааа
****** (16:55) :
а инетти оширсем ше
Руслан (16:55) :
басынмен ойласай, тым жаксы бухгалтерсін
Руслан (16:56) :
телефоннан кабельді суырып тастасан, сонгы жетіп улгерген байттар коннекторынан агып кетуі мумкін, сондыктан, жогары карай устарсын
Руслан (16:56) :
заправка жасагандагы бензин сиякты гой бул да. азгана уакыт кабельдін ушын жогары каратып устарсын, ок?
Руслан (16:57) :
модемді системный блоктан жарты-бір метрге жогарырак кой, сонда гравитациянын асерімен жылдамырак жуктеледі
****** (16:57) :
шыымен ба
Руслан (16:57) :
саган отірік айтып негылайын.
Руслан (16:57) :
сенбесен, карап кор
Руслан (16:57) :
жогарырак койып карап кор, жылдамдыгы озгере ме екен
)
****** (16:58) :
маймыл
****** (16:58) :
иштеме де озгерген жок ей
Руслан (16:58) :
озгерткен жоксын гой
****** (16:58) :
котердим гой
Руслан (16:58) :
котерінкіре алі. Кут сосын
****** (16:59) :
озгерди ма
Руслан (16:59) :
27 болды гой
Руслан (16:59) :
кайтадан орнына койып тастадын
****** (16:59) :
устап турм
Руслан (17:00) :
узак устасан колын талады. Ара-тура киноны жылдамырак алу керек болганда, солай устаймын озім. Калган уакытта асыкпай качать ете берсін, курсын
****** (17:01) :
майиыл, маган уйдегилердин бари кулибатыр
Руслан (17:01) :
<SMILE>id=420 alt=’:Күліп ішім жарылды:’</SMILE>
5 comments 25.10.2009 ж.
Жәй эстафета
Өмір туралы. Өкінбейтіндей қылып өмір сүр, бар болғаны осы.
Уақыт туралы. Күн біткенде, таңертең жоспарлаған істердің көбі жасалмай қалғаны өкінтеді. Ертең бітірермін, күтің.
Отбасы туралы. Қанша ойласам да жаңа бірдеме ойлап таба алмадым. Әр адамның өзінің ұясы болуы керек.
Ақша туралы. Бақыттың бәрі ақшада болмаса да, басым бөлігі (қанша бөлігі екені – жаңа дискуссия тақырыбы) – сонда.
Достар туралы. Аман болсын, айтарым жоқ, әңгімем жоқ.
Арман туралы. Бірде ананы, бірде мынаны.. Орындалса, ол арман болар ма еді?
Жұмыс пен хобби туралы. Жылдар бойы тек қана марка не тиын жинауды түсінбеймін. Хобби болса – көп болсын.
Ұстаным (принциптер) туралы. Ережелер, өзіңді белгілі бір шеңберге тығу. Еркіндіктің жөні осы екен деп лаға беруге тағы болмайды ((
Ақылға сыймайтын әрекеттер (О безумствах). Басқаның көзіне ұят болып көрінер-ау деген сенімсіздік кейін тартады, сонда да, ара-тұра өзіңе еркіндік беріп қой
)
Болашақ туралы. Бес жылы, шынымен, қиындау
)
Балғырған жіберген екен, Зере, қабыл ал!
4 comments 01.09.2009 ж.
Бернли МЮді ұтқанда
Бернли МЮді ұтқанда, Ақтөбе үшін қайдағы Вердер не болыпты?
xD
Add comment 20.08.2009 ж.